Министр: 42 500 теңгені дүйсенбіден бастап төлейміз
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифингіде 42 500 теңге кімдерге төленетінін айтты.
"42 500 өткендегі төтенше жағдайдағыдай төленеді. Оны тұрақты жалақсынан айырылған қызметкерлер, жалдамалы қызметкерлер, өзін өзі қамтамасыз етіп отырған адамдар төлем алады. Бір аптаның ішінде әлеуметтік қордың қаржылай мәселесі шешіледі. Алдағы екі күнде ережені бекітіліп, Әділет миинистрлігінен өтіп, порталдарымызды тестілеуден өткізіп, қашан берілетін сонда шешеміз. Жұма күні порталдар өтініш қабылдауға дайын болады, дүйсенбіден бастап 42 500 төлей бастаймыз. Ереженің тетігі екі күнде пысықталып, дүйсенбі күні толық ережені тағы айтамын", - деді министр.