Мұғалім құрметті болса, саналы қоғам қалыптасады

Malim Админ

  • 17.06.2023

Алаш қайраткері, көрнекті педагог Мәннан Тұрғанбайұлы  қазақтың қатарға кіріп, жұрт болсын деген адамын тәрбиенің жолынан айнымауға үндейді. Ең алдымен қазаққа өзінің кім екенін, адамгершілік құқығын білдіруге, одан кейін Отанын танытып, қастерлеуге шақырады. Абай айтқандай, барлық адам баласы бауыр екенін білдіріп, шәкіртті көпшіл болып өсіруге тырысу керектігін айтып кеткен.

Сол сияқты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы  да елді даналыққа бастап, түзеу үшін  бала оқыту ісін дамытуды бастау қажеттігін ескерткен.   Қазақ ісіндегі сан алуан  олқылық-кемшіліктер түзелгенде  біліммен, оқумен түзелетінін еске салған.   Оны жүзеге асыратын бірден бір адам білікті ұстаз» деген сөзін қаперге аламыз. 

Расында да жас өренге оң-солын танытып, қанат қақтырып, білімге баулитын адам – ұстаз.  Мұғалім сыйлы болса, мұғалім танымал болса – оқу-ағарту саласы өркендеп, дамитыны белгілі. Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін қоғамның ұстаздарға деген көзқарасы өзгерді.  Енгізілген оң өзгерістерге сәйкес, білім беруші мамандардың  жалақысы көбейтілді, педагогикалық жүктеме мен  есептілік әлденеше есе  төмендеді, оқу бағдарламалары мен  оқулықтарды дайындауға қойылатын талап-ережелер  күшейді. Атап өтер жайттың бірі - мектеп директорларын тағайындау ісі,  мұғалімдерді  жұмысқа қабылдау талаптарының өзгеруі.      Болашақ шәкірт тәрбиелейтін педагогтердің ай сайын алатын  стипендиясының артуы мамандардың мәртебесімен қоса оларға деген құрметті де еселей түскені сөзсіз.      

Мұғалім Дана Сембайқызының айтуынша,  маңызды құжат қабылданғалы бері жас педагогтерге тәлімгерлік ету жүзеге аса бастады.  «Бұл өз кезегінде тың жаңалықтардың айтулысы.  Жүктемеміз 15 сағатқа дейін қысқарды.  Өткізілетін түрлі білім конкурстарының саны ұлғайтылды. Жалақымыз бірнеше есеге өсті»,-дейді білікті ұстаз.

Мұғалімдерді қолдау – білім саласына көңіл бөлумен тең.  Президенттің пәрменімен ұзақ жылғы еңбегі мен жеткен жетістіктерін ескере отырып ұстаздарға айрықша марапаттар беріліп отыр.  Ондай  мүмкіндікке «ҚР Мемлекеттік наградалары туралы» заңы жол ашқаны мәлім. 

2021 жылдан бастап үздік мұғалімдерге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапаты табысталып келеді. Ардақты  атақты иеленген ұстазға 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем тағайындалуда. Сонымен қатар, «Үздік педагог» атағы сақталып қалғаны белгілі. Оны алған ұлағатты ұстазға айрықша құрмет көрсетіліп,  Үкімет  белгілеген мөлшер-тәртіппен 1000 еселенген АЕК мөлшерінде сыйақы беріледі. 

Педагогтың мәртебесін жоғарылату ісі оның құқықтары қаншалықты  қорғалатынымен де тығыз байланысты.  Педагог мәртебесін айқындаған заң аясында оларды өз кәсібіне қатыссыз жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.   Ерекше екпін түсірілген негізгі норма – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс шеңберінде нақтыланды.   Мәселен, ұстаздарға  жеке тұлғалар  дөрекі мінез көрсеткен жағдайлары аз емес. Әлеуметтік желіде мұғалімге жұдырық ала жүгіретін оқушылар мен ата-аналардың әрекеттері туралы ақпараттар аз тараған жоқ. Сонымен қатар, ұстаздарды   бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  буллинг жасаушылар да табылады.  Мұндай қадамдар байқалса жәбірлеуші айыппұл арқалайды.   Заңнамада жоқ ақпаратты немесе есептілікті  азаматтар талап еткен кездерде  ескерту жасалып, айыппұл тағайындалады.  Орта мектептердің педагогтеріне тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеу де заң аясында жазаланады.

Ұстаз қоғамда алдыңғы саптан көрініп, еңсесін тік, қадамын нық басса ғана басқа салалардың мамандарына халық құрметпен қарайды. Себебі, небір ғалым, заңгер, депутат, министрді, машинсит пен құрылысшыға өзге де кәсіп иелеріне темірқазықтай бағыт беріп, жол ашатын мұғалім екендігі даусыз.       

Байланысты жаналықтар

Мемлекет балалардың білім алуы үшін ашылған депозитке ақша салмақ

13.11.2024

Кітап оқудың парқы

04.11.2024

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

23.10.2024

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

17.10.2024

Қазақстандықтар бүгін Ұстаздар күнін атап өтіп жатыр

05.10.2024

Қазақстанда алғаш рет студенттер арасындағы Enactus World Cup өтуде

03.10.2024
MalimBlocks
Мемлекет балалардың білім алуы үшін ашылған депозитке ақша салмақ

Мемлекет тарапынан автоматты түрде 60 АЕК (220 мың) теңге көлемінде қаражат құйылады

Кітап оқудың парқы

Кітап адамды ой түзуге үйретіп, мейірімділікке шақырады. Көзді ашады, оқығанды жақындастырады. Білгенімізге жаңа білім қосып, жадты жаңғыртуға көмектеседі.

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

Олардың демалысын тиімді өткізу үшін "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

Олар «Demeu 2.0» әлеуметтік жобасы аясында білім алады

Қазақстандықтар бүгін Ұстаздар күнін атап өтіп жатыр

Елімізде еңбек өтілі 30 жылдан асқан 5 мың мұғалім бар

Қазақстанда алғаш рет студенттер арасындағы Enactus World Cup өтуде