Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқушы, ата-анадан сыйлыққа ақша жинататын мұғалімдерді жауапкершілікке шақырып, ескерту жариялады

Орал Кайрат

  • 18.05.2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқушы, ата-анадан сыйлыққа ақша жинататын мұғалімдерді жауапкершілікке шақырып, ескерту жариялады.

Қазір оқу жылының соңында, соңғы қоңыраудың алдында мұғалімдердің ата-анадан жаппай ақша жинататын әдетін антикор біліп қойғандай. Антикордың айтуынша, 34,5 мың теңгеден артық сыйлық алған мұғалімге 7 млн теңге айыппұл салынады.

«Мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынады (ҚР АК 509-бабы). Өзге жағдайда 2000 АЕК дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚР ҚК 247-бабы)» дейді антикор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, заңсыз алым жинауға қатысты шағым Алматы облысынан көп түседі.

Марат Сұлтанғазиев басқаратын облыстың мұғалімдері ата-ана мен оқушыға ақша жинатуда өте белсенді,  алым жинауға қатысты қатаң тыйымға да қарамайды екен.

«Барлық мектептерде алымдарға қатаң тыйым салынады.

Осыған қарамастан, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 Call-орталығы арқылы мектептердегі алымдар фактілері бойынша 20-дан астам өтініш келіп түсті. Бұл ретте, ведомствода аталған заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік туралы еске салынған» дейді антикор.

Басты беттегі көрнек фото https://www.gov.kz/ сайтынан. 

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

30.04.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Қазақстанда қанша генерал бар?

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді