Нан бағасы өсе ме? - министр жауап берді

Айшолпан КЕРІМ

  • 01.06.2022

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әлемде бидай бағасы өсіп жатқаны еліміздегі нан бағасына әсер етпейтінін айтты.

Министр әлемде бидай бағасы өсіп жатқанын, бірақ "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" астық қорын жинап қойғанын атап өтті.

"Біз қазір әлеуметтік нан үшін өңірлерге арзандатылған бидай жеткізіп жатырмыз. Сондықтан баға тұрақты болады. Нан бағасының өсуіне себеп болған жоқ және болмайды", - деді Қарашөкеев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр Қазақстанда 15 маусымға дейін бидай мен ұнды шығаруға квота енгізілгенін еске салып өтті.

"Сондықтан нарықтағы жағдай тұрақты. Жаңа өнім алғанша қорымыз жеткілікті", - деді ол.

Байланысты жаналықтар

Чжун Наньшань: Қытайда ашаршылық болуы мүмкін

16.03.2020
MalimBlocks
Чжун Наньшань: Қытайда ашаршылық болуы мүмкін