Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ноғаев Қазақстанға газды Ресейден тартпақ

Сұқбат
Ноғаев Қазақстанға газды Ресейден тартпақ

Шығыс Қазақстанға Ресейден газ тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтып қалды.

«Солтүстік өңірлерден басқа Қазақстанның шығыс бөлігі газдандырылмаған. Газдандырудың ықтимал нұсқасы – «Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен» бағыты бойынша Ресей Федерациясынан газ құбырын салу. Бұл ретте Семей маңында Павлодар облысына қарай бұру жоспарланып отыр», - деді министр.

Ноғаевтың айтуынша, бұл бағыт бойынша газ құбырын салу осы өңірлердегі 2,1 млн адамға көгілдір отын жеткізуге мүмкіндік береді. Тұтыну көлемі жылына 2,3 млрд текше метр деп болжанып отыр.

«Қазіргі таңда бұл жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау үшін «ҚазТрансГаз» АҚ мен «Газпром» арасында жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе Ресей тарапымен пысықталуда», - деді Нұрлан Ноғаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу