Ноғаевтың жоспары қай жоспар?

Malim Админ

  • 13.10.2020

Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев газ экспортының былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеп кеткенін айтты. 2020 жылдың 9 айында елімізде 41,6 млрд текше метр газ өндірілген.

«Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 11,1 млрд текше метрге жетті. Бұл  9 айлық жоспар 100 пайыз орындалды деген сөз. Экспортқа шығарылған газ көлемі 10,3 млрд текше метр. Бұл есепті ай жоспарының 78,6 пайызына тең. Газ экспорты көлемінің өткен жылғы осы кезеңінің көрсеткіштерінен артта қалуына Қытай Халық Республикасының газ импорты көлемін төмендетуі себеп болып отыр», - деді Нұрлан Ноғаев.

Министрдің айтуынша, елімізде газдандырылған аймақтар 100 пайыз көгілдір отынды тұтынып отыр. Бірақ газ құбыры тартылып, газсыз отырған ауылдар көп. Мәселе Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында газ құбыры тартылғанына екі жыл болды. Басында әнші-күйшілерді шақырып, газ келді деп тұсауын кескеніменен, облыс басшылығы кеткеннен кейін-ақ газ сап тыйылған.

Жамбыл облысының Шу, Рысқұлов аудандарында да осы жағдай. Шу ауданы Төле би ауылының  тұрғындары газ тартудың қымбаттығын айтып шағымданған.  Ауылға газ құбыры бірнеше жыл бұрын тар­тылған, бірақ кей тұрғындар әлі қосыла алмай отыр. Себебі үйге газ тарту жұмысының құны 2016 жылы 420 мың теңге болса, биыл 520 теңгеге дейін өсіп кеткен. Төле би ауылында 4200 отбасы тұрса, қазір соның 35 пайызы ғана газ қолданып отыр.

Рысқұлов ауданы Құлан ауылының да тұрғындары ауылға келіп тұрған газды пайдалана алмай отыр. Себебі бір көшеге тартылған газ құбыры екінші көшеде жоқ.

Мұндай мысалдарды күнделікті жаңалықтар легінен ондап, бәлкім, жүздеп кездестіруге болады. Жамбыл облысындағы осы газ мәселесі бұрынғы әкім Асқар Мырзахметовтің кезінде де шешілмеген. Қазіргі әкім Бердібек Сапарбаев та шеше алмай отыр. Ал Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылының газ мәселесі облыс әкімі Амандық Баталовтың құлағына әлі жетпесе керек. Сонда Ноғаевтың жүз пайыз орындалған жоспары қай жоспар? Сенатор Ақылбек Күрішбаевтың: «Қағаздағы әдемі баяндама ауылдағы жағдаймен сәйкеспейді» деген сөзі тек астыққа қатысты болмаса керек. Нұрлан Ноғаев соны ескермеді, әлде ескергісі келмей отыр.

Ал газ экспортының төмендеуін айтпай тұра тұрайық...

Байланысты жаналықтар

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

29.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025
MalimBlocks
Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген

Алматы облысында жер сілкінді

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

Оқиғаны видеоға түсірген жасөспірімнің де заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді