Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 65 жастағы ер адамды алып шықты
Ақтөбе облысы Хромтау ауданында тұрғын үйден өрт шығып, ер адам үйде ес-түссіз жатып қалған. Құтқарушылар оны қауіпті аумақтан алып шығып, жасанды деп беріп, құтқарып қалған.

Оқиға 19 сәуір күні болған. Түнгі сағат 23:50 шамасында Хромтау ауданының №20 өрт сөндіру бөлімінің пультіне бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Бірінші қабатта орналасқан үйдің жиһаздары жанған. Жедел жеткен өрт сөндірушілер улы газ әсерінен есінен танып қалған 65 жастағы пәтер иесін құтқарып, сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Олар ер адамды аман алып қалғаннан кейін медицина қызметкерлері келіп, ауруханаға алып кеткен.
Сонымен қатар, тұрғын үйден баспалдақ маршшы арқылы 20 адам, оның ішінде 8 баланы эвакуацияланды. Өрттің ауданы 10 шаршы метрді құрады.
Айта кетейік, төтенше жағдайлар министрлігі елде өртке қауіпті кезеңнің басталғанын хабарлаған болатын. Өрт тек қала ортасында ғана емес, далада, тауда, орманда да болуы мүмкін. Оттың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.
Өрттердің пайда болуының негізгі себептері: сөндірілмеген темекі, от, жанып жатқан сіріңке, оқ атудан кейін бықсыған шаң, майлы шүберек немесе шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен шыққан ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағай, электр сымдарының қиылуы.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер 26 аумақта дала өртін сөндіріп жатыр
Шығыс Қазақстанда облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бір тәулік ішінде өңір бойынша 26 дала өрті тіркелген. Көп жағдайда өрт ашық алаңда, саяжайлар маңында болды. Өрттің шығу себебі – азаматтардың отты абайсыз қолдануынан болып отыр.