Полиция басқармасында тергеу құжаттары шашылып жатыр

Адвокат Назерке Ризабекова facebook парақшасында жазба қалдырып, Павлодар полиция басқармасында тергеу құжаттары дәретханада жатқанын айтты.
Бірнеше ай бұрын тергеу жұмыстарымен Павлодар полиция басқармасында болдым. Дәретханада басқарма қызметкерлерінің қызметкерлердің процесуалдық құжаттарды дәретхана қағазының орнына пайдаланғанын көрдім. Бұл жабайылық. Мүмкін дәретхана қағазы тапшы шығар, алайда бұл сотқа дейінгі тергеуді жария ету ғой, ол жағын қайтпекпіз? Дәретхана - қоғамдық орын. Павлодар облысы полиция департаменті мен ҚР Ішкі Істер Министрлігінен аталған полиция басқармасын дәретхана қағазымен қамтамасыз етуді сұраймын, — делінген адвокат жазбасында.
Павлодар облыстық полиция басқармасының басшысы Василий Скляр аталған оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.