Президент тапсырмасы: Мүмкіндігі шектеулі жандар жыл сайын өтетін комиссия процесі барынша жеңілдетілді

Malim Админ

  • 29.10.2021

Президент тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасау үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасындағы «Анығын айтқанда» бағдарламасында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин айтты.

Эфир барысында Ерлан Карин Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында көтерген мәселелерге тоқталды. «Соңғы жылдары салынған нысандарда мүгедектерге арналған пандустар қарастырылған. Бұрын салынған ғимараттарда жоқ. Президент осы мәселені шешудің жолын айтты. Ол «мүмкіндігі шектеулі азаматтар жиі баратын ғимараттардың тізімі мен қолжетімді нысандардың картасын әзірлеу керек», деді. Осыған орай, қазір мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша арнайы портал бар. Сол порталда картаның алғашқы жобасы дайындалды. Оның ішінде 35 мыңға жуық осындай нысан енгізілді. Алдағы екі-үш жылда тағы қосымша 20 мың ғимарат тізімге қосылады. Содан кейін олар мүгедек адамдарға ынғайлы етіп жасалады», - дейді Президент кеңесшісі. Сонымен қатар, ол Президент мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедектігін растау үшін жыл сайын өтетін комиссия процесін барынша жеңілдетуге тапсырма бергенін тілге тиек етті. «Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерінің мүгедектігін растау үшін комиссиядан өту керек. Одан өтуге кейбір адамдардың жағдайы келмейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, процесті жеңілдету үшін қашықтан өту жобасы қолға алынды. Бүгінгі күні бұл жоба бірнеше облыста жүзеге асып жатыр», - дейді Ерлан Карин.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.