Қаржы  пирамидаларының қаупі азаймай тұр    

2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін жүргізіп келген

Malim Админ

  • 06.04.2023

Қаржы мониторингі агенттігінің дерегіне сүйенсек, өткен жылы 29 қаржылық пирамиданың жұмысы тоқтатылды.  Сан соғып, зардап шеккен адамдарға  8,3 млрд теңгенің шығыны қайтарылып берілген.  Өкінішке қарай, шым-шытырық алаяқтық схемаларға алданып қалатын азаматтар азаймай отыр. Алдын алу  жұмыстарының  арқасында қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын 13 мың аккаунт пен интернет сілтемесі дер кезінде бұғатталды.  Биыл да  қаржы пирамидаларының құйтырқы әрекеттерін болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар іске асырылып жатыр.   Мәселен, Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті 2023 жылдың 9 наурызы күні қазақстандық үш азаматтың қылмысын әшкереледі. Олар     «ABS Change» крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет жасаған.  Заңға қайшы әрекеттер  «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңынан тыс жерде  жүзеге  асырылғаны белгілі болды. Олар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін емін-еркін жүргізіп келген.  Жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушылардың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңгесі тәркіленіп алынды. «Binance» платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды. Алдын ала есеп бойынша аталған  платформадағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн  АҚШ доллары  болды.  Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.       

Қаржы мониторингі агенттігі  алдын алу жұмыстарын күшейтіп келеді.  Наурыз айының соңында  Астанада Qnet қаржылық пирамидасын құрды деген күдікті ұсталғаны хабарланды.    Күдіктінің Qnet қаржылық пирамидасын құруға және басқаруға қатысы бар болып шықты. Оны  Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп анықтаған.   

Ведомство мәліметінше, бұл компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген. Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, «Qnet» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды.

Qnet халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырыпты.    Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 миллион теңге шамасында. Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді.  

Көпшілікке белгілі, бірқатар шет елде аталмыш  компаниясы қаржы пирамидасы деп танылған. Сондай-ақ оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізгені  белгілі.  

Жақында қаржылық мониторинг агенттігі тағы да бір қаржы пирамидасының жолын кесті.  Айталық, олар салымшыларды алдап-арбап «Upgrade-AS», «Holding AS», «XAS-Logistic», «light-AS» және басқа да компаниялардың атынан келісім-шарттар жасаған. Салымшыларға  міндетті шарт ретінде  180 000 теңгеге Қытайдан әкелінген тұрмыстық тауарлар  сатылған. Азаматтардың сенімін зорайту үшін алынған ақшаның бір бөлігін сыйақы ретінде бағыттаған. Алайда салымшылар алған сыйақысын пирамидаға қайта салып отырыпты. Ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде жалған акция өткізіп, Астана мен Қосшыда көпқабатты үйлер салып жатқанын көрсеткен. Осылайша, пайдаға кенелген алаяқтар бірқатар жылжымалы және жылжымайтын мүлік   сатып алып, оларды жақын туыстарының атына рәсімдеген. Тиянақты жүргізілген жұмыс нәтижесінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.    

Мәселен олар қатарға қосылған әр адамға ауқымды жобалар жайлы әңгімелеп, шет-шегі жоқ сыйлықтар болатынын айтып сендіреді. Сонымен қатар белгілі бір мөлшерде жарна салуын сұрайды. Салған қаржысын көп ұзамай бірнеше пайызбен еселеп қайтаратынын да уәде етеді. Сондай-ақ, компанияға адам тартуды да жүктейді. Сол арқылы пайдасының артатынын алға тартады. Кейіннен басқаларға көз қылу үшін алдыңғы адамдарға белгілі бір процентін де береді.

Жіті мән берсеңіз,  қаржымды еселеймін деп қапыда қалтасынан қағылған жандар аз емес. Ал мамандар осындай теріс әрекеттердің құрбаны болмау үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға  шақырады.     

Байланысты жаналықтар

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

15.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

02.05.2025
MalimBlocks
Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды