Қасиетті ай алдындағы қайырымдылық шарасы

Айшолпан КЕРІМ

  • 30.03.2022

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Түркия Республикасы бас консулдығының өкілдері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіп, қайырымдылық шарасын өткізді.
Пандемияға дейін басталған игі іс-шараны бауырлас елдің дін істері басқармасы мен басқарма жанындағы «Диянет» қоры ұйымдастырып отыр. Ал бүгін азық-түлікпен қамтамасыз етілгендердің қатарында Алматыдағы көпбалалы және жағдайы төмен отбасылар бар. 

«Осындай отбасыларға көмектесіп жатқан сіздерге Алланың нұры жауа берсін! Келе жатқан Рамазан айы мүбәрак, оразаларыңыз қабыл болсын! Баршаңызға жақсылық тілеймін», - деді көпбалалы әке Оразбек Жанқараев.

Айта кетейік, былтыр Түркия «Диянет» қорының «Құтты сыйым – Құран» жобасының аясында Қазақстандағы 1410 отбасыға азық-түлік таратылған еді. Бұл игі амал биылғы Рамазан айында да бірнеше іс-шара арқылы жалғасын таппақ. 

«Бауырлас ел Қазақстанымызда достығымызды нығайту үшін әрі алда келе жатқан қасиетті айда игі іс жасау үшін бірнеше қалада мұқтаж жандарға азық-түлік таратып жатырмыз. Одан бөлек, 5 мың адамға арнайылап ауыз ашар ұйымдастыру да жоспарда бар. Мұндай шаралар көпшілікке көмектесіп қана қоймай, екі ел арасындағы достықты нығайтуға да себепші болмақ», - деді Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының дін істері жөніндегі атташесі Емруллах Юзум.

Байланысты жаналықтар

ТЕСТ. АБИТУРЕНТ. ШЕКТІ БАЛЛ.

09.06.2023

Ресейден шыққан от Семей орманын жалмады

09.06.2023

«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

08.06.2023

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

08.06.2023

«Воды!»: Жители Астаны докричались до Токаева

07.06.2023

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

31.05.2023
MalimBlocks
ТЕСТ. АБИТУРЕНТ. ШЕКТІ БАЛЛ.

​Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орындардарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады.

Ресейден шыққан от Семей орманын жалмады

Бүгін Абай облысы Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланғанын Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.

«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

Сот процесі кезінде Қамабеков ондай қолхатты мүлде жазбағандығын айтып, Жоламановтың сөзін теріске шығарған

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таңертең бұрынғы депутат Нұржан Әлтаевқа қозғалған қылмыстық іске байланысты хабарлама таратты.

«Воды!»: Жители Астаны докричались до Токаева

Жители Астаны, накануне перекрывшие одну из городских улиц в знак протеста против отключения воды, докричались до самого президента. В среду, 7 июля, Касым-Жомарт Токаев принял акима города Жениса Касымбека.

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

Родители школьников, недовольные увеличением учебного года до 31 мая, не дают покоя министру просвещения Гани Бейсембаеву. Круглые сутки его ведомство мониторит социальные сети, чтобы понять, что делать с переносом последнего звонка дальше.