Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

Қаңтар оқиғасында қайтыс болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен БАҚ өкілдерін сотқа кіргізбеді,- деп хабарлайды Азаттық радиосы. 

Malim Админ

  • 13.07.2023

Алматы гарнизоны әскери сотында Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем ісіне байланысты «билік өкілетін асыра пайдалану» (451-бөлім, 2-бөлім) бойынша айыпталған А.И.Жұманның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.  Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханның сөзінше, сот жабық өткендіктен оны кіргізбеген, бірақ баласы кірген.

- Ұлым әскери қызметкер, сондықтан рұқсат қағазы бар. Бірақ ол да жәбірленуші. Мен балаларымның заңды өкілімін, алайда мені сотқа кіргізбеді. Бір жарым жыл өтсе де іспен де таныстырмады,- дейді Айдос Мелдехан.

Сот қызметкері Рүстем Мұхтаровтың айтуынша, іс материалдары мемлекеттік құпия болғандықтан процесс жабық өтеді. Сот залына жәбірленуші тараптың адвокаты Жанғазы Күнсеркин мен Айкөркемнің ағасы Бауыржан Мелдехан кіргізілді.

https://malim.kz/article/society/4-zasar-aikorkemnin-soty-bastaldy-19635

Келесі сот отырысы 26 шілдеде өтеді. Ресми түрде жәбірленуші деп танылған Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханұлы мен әпкесі Жанель Мелдехан сотқа қатыспайды. Айдос Мелдеханұлы мұны «саяси тапсырыс» деп бағалады.

Адвокат Жанғазы Күнсеркин «тергеу органдары сәбидің өліміне жауаптыларды жазадан құтқарғысы келеді» деп санайтынын айтқан. Балалар отырған көлікке оқ жаудырған адамдар бұл іске куәгер ретінде қатысқан.

Байланысты жаналықтар

Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

01.08.2023

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

27.07.2023

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

20.07.2023

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

18.07.2023

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

11.07.2023

Әуежайды «басып алу» ісіне үкім шықты

11.07.2023
MalimBlocks
Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың ата-аналары мен туыстары қала әкімдігі алдындағы алаңға барып, балаларын атқан және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды талап етті,- деп хабарлайды Азаттық сайты.

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

Алматының №2 Бостандық аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікке шақырды және қатысты» (272-бап 2,3 бөліктері) деп айыпталған Әділет Мусинді кінәлі деп танып, 9 айға бас бостандығынан айырды.

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптан өлген Алмас Мұқашевтың ісі бойынша ҰҚК-нің екі қызметкері сотталды.

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

ҰҚК-інің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинді терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар тізіміне қосты,- деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында.

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалып, бірақ кінәсі дәлелденбей босатылған азаматтарға өтемақыны «залал келтірген орган төлеуге тиіс» деп санайды.

Әуежайды «басып алу» ісіне үкім шықты

«Әуежайды басып алу ісі» бойынша бүгін 5 адамға Наурызбай аудандық сотында үкім шықты.