Қазақстанда бір тәулікте 43 адам көз жұмды

Қазақстанда соңғы бір тәулік ішінде COVID-19 бен пневмониядан 43 адам дүние салды. Және 872 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұндай ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі таратты.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 182 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 бала бар. Стационарларда 5 021 науқас жатыр. 20 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 121 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 38 науқас тыныс алу аппаратына жатқызылған», - делінген ведомстваның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ал америкалық Джонс ХОЛКИНС университетінің мәліметінше 9 тамыз күні дүниежүзінде 19,5 миллион адамнан коронавирус анықталса, 700 мыңнан аса адам көз жұмды.
Фото: kadara.ru
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.