freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назира Дәрімбет «Әділ сөз» қорының президенті болып сайланды

Оқиға
Назира Дәрімбет «Әділ сөз» қорының президенті болып сайланды
әлеуметтік желіден

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының жаңа президенті болып журналист Назира Дәрімбет сайланды, деп хабарлайды Malim.kz Egemen.kz сайтына сілтеп. 

Тиісті шешім 17 шілдеде қор құрылтайшыларының жиналысы мен Қамқоршылық кеңесінің отырысында қабылданды.

Назира Дәрімбеттің тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген тәжірибесі бар. Сонымен қатар ол медианы дамыту және сөз бостандығын қорғау саласындағы халықаралық жобаларды жүзеге асыруға қатысқан.

«Осы жылдар ішінде қор қалыптастырған барлық игі бастамаларды сақтап, сонымен қатар оның жұмысын қазіргі заманның талаптары мен сын-қатерлеріне сай жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл ретте қордың негізін қалаушы әрі алғашқы жетекшісі Тамара Калеева қалыптастырған қағидаттар мен стандарттарға сүйену маңызды», деді ол.

Айта кетейік, халықаралық қордың бұған дейінгі президенті Қарлығаш Жаманқұлова өкілеттігін тоқтатқаны туралы жазған болатынбыз. Ол бұл шешімді Құрылтай сайлауына қатысатындықтан қабылдаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу