freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуропа елдерінің тынысы тарылып тұр

Экология
Еуропа елдерінің тынысы тарылып тұр
Associated Press

Еуропа елдерін күн райының күрт жылынуы алаңдатып отыр. Биыл жазда Ұлыбританияда кейінгі 30 жылдағы ең ұзақ ыстық кезең тіркелді. Біріккен Корольдікте ауа температурасы 13 күн қатарынан 30 градус Цельсийден жоғары болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлыбританиядағы үй шаруашылықтарының небәрі 14 пайызы ғана кондиционермен қамтамасыз етілген. Ал Лондон метросындағы 11 желінің тек төртеуінде ғана кондиционері бар вагондар қатынайды.

"Associated Press" жазуына қарағанда, бүгінде аптап ыстық 1300-ден астам мектеп, 60 аурухана және 350-ден аса қарттар үйінің қалыпты жұмысына кері әсерін тигізіп отыр.

Нидерландта аптап ыстықтың кесірінен су тапшы. Елдегі Ваал өзенінің Меертье сағасы тартылып жатыр. Бұл аймақта су үстіне салынған үйлер көп. Енді мұнда қайықтардың өтуі қиындап, тұрғындар үшін қолайсыз жағдай тудырып отыр. Дегенмен, ерекше үйлер су деңгейімен бірге көтеріліп, түседі. Олар жерге орнатылған болат діңгектерге бекітіледі. Мұндай баспаналар бетон негіздің арқасында суда қалқып тұрады. Тұрғындар өзен деңгейі жыл сайын төмендейтінін айтады. Тек биыл мерзімінен ерте тартыла бастаған. Өйткені, кейінгі апталарда жауын-шашын аз. 

Мажарстанда қуаңшылық сезіліп тұр. Ммлекет ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне кіретін Хортобадь ұлттық паркінің аумағына су бұрып жатыр. Осылайша мұндағы батпақтардың құрғап кетуіне тосқауыл қоймақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу