21-23 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Жекелеген аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы ықтимал.
Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз ауа температурасы:
солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде +20…+30°С,
орталық пен шығыста +22…+35°С,
оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27…+35°С болады.
Ал еліміздің батысында Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен +30…+42°С дейінгі жоғары температура сақталады.