Қазақстанда өткен сайлаулар халықтың саяси сауаты арта түскенін аңғартты

  • 10.11.2023

«Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы ұйымдастыру бақылау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Мейірқұлов қоғамда демократияландыру үрдісі байқалып келеді дейді. Оның айтуынша, мемлекет басшысы жүргізген саяси реформалардың нақты нәтижесін елімізде соңғы кезеңдерде өткен сайлаулардың қортындысына қарап та айтуға болады. Түркістан облысындағы азаматтық және саяси істерге білек сыбана араласып жүрген Н.Мейірқұловтың ой толғамын ұсынамыз.  

Биыл наурыз айында Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауы өтіп, оған халқымыз белсенді түрде атсалысты.

Тартысты өткен саяси доданың қортындысында елімізде шын мәніндегі көппартиялы әрі кәсіби деңгейі жоғары, демократия принциптеріне адал Парламент қалыптасты. Ал, өткен жылғы Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы – халқымыздың ынтымағы мен бірлігін тағы бір мәрте паш еткен саяси науқан болды.

Бұл реформалардың жүзеге асуына былтыр өткізілген рефререндумның да әсері мол болғаны анық.

«Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Сайлау учаскесіне келіп, елімізді жаңғырту бастамасын қолдағандардың бәріне алғыс айтамын. Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып, өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін. Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді. Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек. Алдымызда экономиканы шынайы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыстар тұр. Жоғары өнімді ауыл шаруашылығы мен қуатты көлік-логистика жүйесін дамыту, барлық салада цифрлық экожүйе қалыптастыру үшін шаралар қабылдау қажет. Еліміздің орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші еңбек, білім және азаматтық белсенділік болуға тиіс. Тек сонда ғана өзін-өзі қамтамасыз ететін орта тап пен тиімді экономика қалыптастыра аламыз. Бұндай экономика кірісті әділетті бөлуге, сапалы жұмыс орнын ашуға, тұрмыс сапасын тұрақты арттыруға және барлық азаматтардың толыққанды жетілуіне мүмкіндік береді», деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сайлаушылардың басым көпшілігі жаңа Қазақстан мен әділетті қоғам құру жолында түпкілікті реформалар жүргізіп жатқан, ел басқару ісінде тәжірибесі мол саясаткер, әлемдегі геосаяси ахуалды дөп болжай білетін шебер дипломат, халқымызды жарқын болашаққа бастайтын көрнекті тұлға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Жаңа халықтық мандат Президентіміздің өз-өзіне деген сенімін бұрынғыдан да арттырып, елімізді дамыту жолындағы қызметін жаңаша күш-қайратпен жалғастыруына септігін тигізеді деп ойлаймын.

Ашық, әділ, демократия қағидаларына және заң талаптарына сәйкес өткен аталған қос сайлау халқымыздың жарқын болашаққа деген сенімін арттырды.

Енді біздің қоғамды ұзақмерзімді әрі ауқымды істер күтіп тұр. Бүгінде атқарушы және өкілетті билік бірлесе отырып қазақстандықтардың табысын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіру, білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру салаларын дамыту сынды бірінші кезектегі міндеттерді шешу үшін барлық қажетті шараларды атқарып жатыр.

Бұл ретте еліміздегі жетекші партия тарапынан да тиісті жұмыстар атқарылуда. Түркістан облыстық филиал мемлекет басшысының бастамасымен, елде жүргізілген ауқымды саяси-экономикалық реформаларына белсенді қатысып келеді.  2022 жылы өткізілген бүкілхалықтық референдумда,  облыстық, аудандық, қалалық деңгейде партия филиалдары жанынан 475 адамды біріктірген, 18 штаб құрылды. Олар 110 мыңға жуық сайлаушыны қамтитын, 1500-ге жуық кездесу өткізді. Нәтижесінде сайлаушылардың 81 пайызы дауыс беруге қатысып, Республика көлемінде сайлауға қатысушылар санынан біздің облыс бірінші орынға шықты. 

Референдумнан кейін өткізілген Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға, Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын қолдау мақсатында құрылған, Халықтық коалиция қатарында да, облыстық филиал жемісті жұмыстар атқарды.  Құрамында 524 адамы бар, облыстық, аудандық, қалалық штабтар құрылып, олар сайлаушылардың  76 пайызын қамтитын, 4 800-ден астам кездесу өткізді. Нәтижесінде, сайлаушылардың 80,4 пайызы сайулауға келіп, Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлына, 86 пайызы дауыс берді.

Сондай-ақ Жаңа Конституцияға сәйкес, Мәжіліс депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

Сайлауға облыстық филиал қызу дайындық жүргізіп,    916 адамнан тұратын облыстық, аудандық, қалалық штабтар құрды. Штаб мүшелері сайлаушылардың  62 пайызын қамтитын, 4 500-ден астам кездесу өткізді. Нәтижесінде, «AMANAT» партиясын қолдап сайлаушылардың - 56,9%-ы дауыс берді. Мәжіліс депутаттығына 4 кандидат, 33 кандидат облыстық мәслихаттың, 238 кандидат аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттық мандаттарына ие болды. Ал, ауыл әкімдерінің сайлауына келетін болсақ.  2021-2022 жылдары Түркістан облысында 98 ауыл әкімінің сайлауы өтті. Сайланған әкімдердің 95%-ы (93-і) «AMANAT» партиясының мүшесі.

Биыл 44 ауыл әкімінің сайлауы өтеді деп жоспарланса, бүгінге дейін 27 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті. Сайланған ауыл әкімдерінің 93 пайызы (25-і)  партия мүшесі.

Жуырда аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл сайлауларға да, белсенді қатысып, іскерлігімен көзге түсіп жүрген, тәжірибелі, ел алдында беделі бар  кандидаттарымызды ұсынылды. Мақтаарал, Созақ, Шардара және Бәйдібек аудандарында тұңғыш рет аудан әкімдері сайланды.   Бір анығы, қоғамда демократияландыру үрдісі байқалып келеді. Енді бүкіл қоғамның алдында ұлттық қауіпсіздікті нығайту, отандық ғылымды дамыту, ұлт тарихын таныту, ұлттық мәдениетімізді дәріптеу арқылы тегеурінді идеология қалыптастыру сынды бірлесіп атқаратын ауқымды міндеттер де тұр. Еліміздің ынтымақ-бірлігі бекем болса, біз бұл міндеттердің барлығының үдесінен шығатынымыз сөзсіз.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.