Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандағы айлыққа жұмыс істеуге робот та келмейді

Сұқбат
Қазақстандағы айлыққа жұмыс істеуге робот та келмейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі   LS  басылымына Қазақстандағы жұмысшылардың қаншауын роботтардың алмастыратынына түсініктеме беріпті. Министрлік ақпаратына қарағанда, Қазақстандағы автоматтандыру болжамына қатысты алшақтық бар. Мәселен, дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы OECD-тің (ағыл. Organisation for Economic Co-operation and Development. қазақша. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыбағалауынша, еліміздегі жұмысшылардың 52%   жоғарғы автоматтандыру санатына жатады. Яғни, осыншама жұмысшы жұмысын роботқа өткізіп береді.

Дегенмен, Еңбек нарығы дамуының орталығы жүргізген сараптама бойынша, елдегі жұмысшылардың 22 пайызы ғана автоматтандыруға келеді. Оның өзінде автоматтандырылатын салада жұмыс істейтін қазақстандықтардың үлесі 7 пайыз ғана. Яғни, робот өндірістік салаға қадам басатындықтан қызметкерлерді оқыту инвестициясы да осы салада басым болмақ.  

«Өндірісті автоматтандыру үрдісі және одан әрі робот ісін жүйелендіру айтарлықтай инвестициялық капиталды, мамандарды оқытуды талап етеді. Айлық еңбек ақысы айтарлықтай төмен елде мұндай инвестицияны тарту тиімсіз»,-депті министрлік түсініктемесінде.

Сондай-ақ, толық қанды төртінші Индустрия бағдарламасы Қазақстанда кемінде 10 жылға кешеуілдеуі мүмкін екенін де айтып өтіпті.

"Технология прогрессі уақыт жағынан айтарлықтай кешігіп жатыр, оған экономикалық, технологиялық, құқықтық, этикалық кедергілер бар. Бүгінгі таңда көптеген жұмысшыларды роботпен алмастыруға болар еді, бірақ, жұмысшы жұмысы мен еңбек ақысы робот алғаннан әлде қайда арзан»,- депті министрлік өз сөзінде.

Ресми дерекке қарасақ, робот қойылған ірі және орта ұйымдар саны елде көбеюдің орнына азайып келеді: 2019 жылы 212 кәсіпорын болса, 2021 жылы 180-ге түскен. Бір айта кетерлігі, әлемде жүзеге асқан үш өндірістік революциядан жұмысшының жұмысын толықтай робот тартып алған емес. Қайта, роботты басқаратын жаңа мамандықтар көптеп ашылып жатыр. Жыл басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі роботтарға жұмысын өткізіп беретін жұмыссыздарды жаңа мамандыққа үйретудің бағдарламасын ашамыз деген еді. Енді ол бағдарлама да кемінде он жылға кешігетіндей. Өйткені бізде, жұмысшының айлығы мардымсыз болып тұр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу