Қазақстандық студенттер Huawei ұйымдастыратын әлемдік байқауға қатысады

  • 28.04.2023

 

«Сен маған жастарыңды көрсетші, мен саған еліңнің ертеңін айтып берейін» дейтін қағида ешқашан өзгермек емес. Елдің, мемлекеттің болашағы жастарды қолында екенін жиі айтқанымызбен, көп жағдайда үйреншікті сөзге балайтынымыз, онша көңіл бөлмейтініміз өтірік емес. Жастар жақсы сөз болғанмен, олардың алдындағы қоғамның, алдынһңғы буынның жауапкершілігі орасан. Жастар қалай қалыптасса, мемлекеттің ертеңі де соған орай қалыптасады. Әлемдегі, декелеген елдердегі кез келген өзгеріс жастардан басталады, технология мен ғылымдағы соңғы жаңалықтарды енгізетін де ең әуелі жастар. Сол себепті, олардың әлеуетті болуы, әлемдік нарықта бәсекелестікке шыдас беретіндей деңгейде олуы, заманауи жаңалықтар мен технологияны, инновацияны меңгеруі – өте маңызды.

Қазіргі таңда мемлекеттік саясат жастардың техникалық мамандықты игеруіне ерекше көңіл бөліп отыр. «Болашақ» бағдарламасының 60 пайызы осы бағытқа бұрылғанының өзі көп нәрсені аңғартады. Мұның бір ғана себебі бар, әлемдік бәйгеде атым алдымен келсін десең кез келген жаңалыққа үн қосып, өзгелерден бір қадам алда тұруға, бір бас жоғары тұруға талпынбай болмайды. Бұл бағытта тек шетелде оқыған студенттерге ғана емес, отандық жоғары оқу орындарының түлектеріне де мүмкіндіктер беру мәселесі жиі айтылып жүр. Олардың әлемдік алпауыт компанияларда тәжірибеден өтуі, қалыптасып, маман болып шыққанша жұмыс істеуіне де жағдай жасалуға тиіс.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Huawei компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде бірлескен жұмыстың аралық қорытындысын шығарып, алдағы жылдарға арналған жоспарларын ортаға салды.

«2022 жылдың қыркүйек айында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын еске салғым келеді. Бұған дейін Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай 100 000 жоғары білікті IT мамандар дайындауды  тапсырған. Үкімет бұл мақсатқа жетекші технологиялық компаниялармен бірлесіп серіктестік орнату арқылы біртіндеп көшіп жатыр. Бұл бағытта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлескен жұмыс жолға қойылды», - деді Саясат Нұрбек.

Бүгінгі таңда Huawei компаниясы еліміздегі жоғары оқу орындары базасында 29 АКТ академиясын ашқан болатын. Онда 4 мыңнан астам студент білім алады. Олардың ішінде 600-ге жуық студент емтихандарды сәтті тапсырды.  IT маманы ретінде сертификат алып.

Сонымен қатар, осы жылы қазақстандық студенттер «Seeds for the Future» әлемдік байқауына қатысуға мүмкіндік алады.  Осы бағдарлама бойынша анықталған үздік студенттер Қытайдағы Huawei ғылыми – зерттеу кампусында тағылымдамалардан өтуге және  MWC Barcelona 2024  көрмесіне қатысуға мүмкіндік алады. Бұл студенттеріміз үшін әлеуетін ашуға және әлемге өз білімдерін көрсетуге  үлкен мүмкіндік.

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:  мамыр – ЖОО деңгейіндегі іріктеу, маусым – онлайн сұхбат, тамыз – Катардағы 8 күндік офлайн курс сонымен қатар, Дубайдағы 5 күндік аймақтық лагер кезеңдерінен тұрады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі басқа да бірқатар жоғары оқу орындарында АКТ академияларын ашу үшін бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыратын болады. Сонымен қатар, Huawei компаниясымен қазақ тіліндегі АКТ терминдерінің сөздігін дайындау мәселесі қарастырылып жатыр. 

Жас мамандарды жұмысқа орналастыру және жек кадрлық резерв құру мақсатында маңызды салалардың бірі цифрландырудың жаhандық үрдісінің қосатын үлесі өте зор. Цифрландырудың үнемі өсуін IDC компаниясы есебі растай алады. Осыған сәйкес әлемдік АКТ нарығы 2025 жылға 5,2 трлн долларға жетеді деп күтілуде.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамып отыруы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы бойынша дағдыларға деген сұранысты күн сайын арттырып отыр.

Елдегі кадрлардың құрамын дамытуды қолдау сонымен қатар жоғары білікті IT-мамандарды дайындау мақсатында Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы АКТ саласындағы студенттік қауымдастық- Huawei ICT Community ашты. Бұл бастама қатысушылар үшін цифрлық дағдыларын дамытумен қатар армандаған жұмыстарына орналасу үшін мүмкіндіктер алуға септігін тигізеді.

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.