Құрбан айттың бірінші күні 18 мыңдай отбасыға ет таратылған

Malim Админ

  • 31.07.2020

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, Құрбан айттың бірінші күні 17 997 мың отбасына ет таратылған. Өтіп жатқан қайырымдылық шараға қатысты діни басқарма төмендегі хабарды таратты.

Қадірлі жамағат!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі 4 қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау, қауіпті індетті алдын алу мақсатында WWW.QURBAN2020.KZ сайтын іске қосқан болатын.

Жоба мақсаты – қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну, т.б.

Құрметті қауым!

WWW.QURBAN2020.KZ жобасы бойынша жүйелі есеп беріп тұратынымыз жайлы осыған дейін өздеріңізге хабарлағанымыздай, 2020 жылдың 31 шілдесі сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша республика деңгейінде 3225 адам құрбандық шалуға тапсырыс берді. Бұдан бөлек 1000-нан астам адам Алла разылығы үшін қосымша құрбандық малын әкеліп тапсырды. Бүгін, яғни Құрбан айттың бірінші күнінде еліміз бойынша 4 700 мал шалынды. Оның ішінде қой – 4341, ірі қара – 274, ешкі – 83 , түйе – 2. Бұған қоса 22 кәсіпорын мен мекемелер құрбандық малын тапсырды. Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 17 997 отбасыға құрбандық еті таратылды.

Қадірлі отандастар!

Халқымызда: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Баршаңыз шынайы ниетпен құрбан шалып, мұқтаж отбасыларға мерекелік қуаныш сыйлап, сауапты іске ортақтасып отырсыздар.

Аса Қамқор, Ерекше Кеңшілік Иесі болған Алла Тағала осы амалдарыңыздың сауабын арттырып, өз құзыретінде қабылдыққа жазғай. Сауабы мол қайырымдылық істің жақсылығы өздеріңізге еселеп қайтып, халықтың алғысы мен батасына бөлене беріңіздер. Көмек алған жандардың сіздерге жолдаған дұға-тілектері қабыл болғай. Жаратқан Жаббар Иеміз мерейлеріңізді үстем етіп, екі дүниенің нығметі мен құрметіне бөленуді нәсіп еткей. Әмин!

Байланысты жаналықтар

Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

10.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Алғаш рет ораза ұстайтындарға пайдалы кеңес

20.02.2025

2025 жылы діни күндер кестесі бекітілді

16.10.2024

Құрбан айттың алғашқы күнінде қанша мал сойылды

17.06.2024

Бүгін – Құрбан Айт!

16.06.2024
MalimBlocks
Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Алғаш рет ораза ұстайтындарға пайдалы кеңес

2025 жылы діни күндер кестесі бекітілді

Ораза айы 1 наурызда басталады.

Құрбан айттың алғашқы күнінде қанша мал сойылды

Оның ішінде: қой – 17 327, ешкі – 1 597, ірі қара – 1 307, түйе – 5.

Бүгін – Құрбан Айт!

Ел азаматтары құрбандығын онлайн форматта да шала алады