Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

Қазақстанда 2022 жылы 1,7 мың сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 725 адам сотталған.

Malim Админ

  • 14.07.2023

Елімізде сыбайлас жемқорлық ең көп таралған қылмыс түрі. 2022 жылы пара беру фактісі 549 рет анықталған. Екінші орында пара алу – 446 факт; үшінші орында – алаяқтық – 311 факт; төртінші орында өкілеттігін асыра пайдалану – 110 факт; бесінші орында бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру – 87 факті.

2022 жылы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 725 адам сотталды, оның ішінде: ішкі істер органдары – 187, әкімдіктер – 143, Қаржы министрлігі – 40, Ауыл шаруашылығы министрлігі – 18, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – 14, Денсаулық сақтау министрлігі – бес адам, Төтенше жағдайлар министрлігі – бес адам, Экономикалық тергеу қызметі – бес адам, прокуратура – ​​бес адам, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – бес адам, судьялар – екі адам, сондай-ақ жеті әкім және басқа да тұлғалар бар.

Антикораның айтуынша өтелген шығын көлемі 108 млрд теңгені құраған. Жалпы, агенттік 653 миллиард теңгенің мүліктік активтері мен басқа да қаражаттарын қайтарып үлгерген. Әлі де жемқорлық жасап қашып жүрген көптеген адам іздестірілуде. Мәселен шетелден алты күдікті ұсталды, олардың біреуі 11 жыл бойы ұсталмай жүрген екен.

Бұл мәліметтерді Антикор 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндамасында келтірді.

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

30.04.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Қазақстанда қанша генерал бар?

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді