Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғыз депутаты: Қазақтар шекарадан өткізу үшін ақша сұрайды

Сұқбат
Қырғыз депутаты: Қазақтар шекарадан өткізу үшін ақша сұрайды

Жогорку Кеңеш депутаты Таабалды Тиллаев үкіметті Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттерінде жүк тасымалдаушылардың ұзын-сонар кезегін шешуді сұрады. Оның сөзінше, қазақ жағы шекарадан өту үшін ақша талап етеді.

«Қазақстан арқылы транзитке байланысты маған жүк тасушылар хабарласты. Олар көршілер ай сайын бір жүк көлігі үшін 4-5 мың доллар талап етіп жатқанын айтады. Мен ЕАЭО аясында кездесу өткізуді сұраймын. Сіздер қазір "Дордой", "Қара-Суу" базарындағы жағдайды жақсы білесіңдер», - деді Тиллаев 10 маусымда өткен парламент отырысында. 

Мамыр айының соңында "Ақтілек" өткізу бекеті арқылы Қазақстанға өту үшін 80-90 көлік кезекте тұрғаны күндер болған. Шекара қызметі мұндай ұзын-сонар кезек экономикалық қатынас жанданып, жүк көлігі тасымалы көбейгенімен байланыстырған. Қазақстан арқылы жүк тасушылар мәселесі 3 маусымда қырғыз үкіметінің басшысы Улукбек Мариповтың Қырғызстандағы қазақ елшісі Рапил Жошыбаевпен кездесуі кезінде талқыланған.

Фото: factum.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу