«Қысым көрсетіліп жатыр». Алматылық ата-аналарға 20 күннен бері балаларын көрсетпепті

Қаңтар оқиғасынан кейін «Қару-жарақ тасымалдады» деп күдікке ілінген Азамат Амангельдиев, Азат Ували мен Дастан Жайылғановтың ата-аналары балаларына тергеу изоляторында қысым көрсетіліп, «өз кінәларын» мойындауға мәжбүр болғаны туралы айтады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 07.02.2022

Азат Увалидің анасы Жанар Макарованың сөзіне сүйенсек, 5 қаңтар күні аты аталған үш азамат Алматыдағы Мақатаев-Сейфуллин көшелеріндегі жұмыс орындарынан шығып, үйге қайтпақ болған. Жолда олардың көлігін қарулы адамдар тоқтатып, әмияндары мен қалтадағы құнды заттарын тартып алып, көліктің нөмірін алып тастауды талап еткен. Сол маңдағы «Анна» қару-жарақ дүкеніне ертіп апарып, дүкендегі қаруды орталық алаңға жеткізуді талап еткен.

«Кешіріп қойыңыздар, полицейлердің өзі қорқып қашып жатқанда біздің балалардың қорқынышын түсінуге болады ғой. Олар қорыққандарынан бандиттердің айтқанын екі етпей орындаған. Алаңға қару-жарақты апарғаннан кейін тез арада үйге қайтып келген. Алайда жандарындағы адамдар оларды видеоға түсіріп алған ғой. Сөйтіп, 18 қаңтар күні кешкі сағат 5 шамасында жұмыста отырған жерлерінен полиция ұстап әкеткен. Сағат түнгі 1-де полиция департаментінде отырып, маған хабарласып: «Мама, менде бәрі жақсы. Кезекші адвокатты алып кел. Адвокатты ғана», - деп айтты. Біз түнгі 2-де кезекші адвокатты ертіп бардық. Сол күні ол «бәрін мойындап, қағаз жазып берген екен». Істі прокуратураға жіберген. Бізді ол жаққа кіргізбейді. Полиция департаментінде соққыға жыққан. Қамауға алынғанда ол маған хат жіберді. «Бәрі жақсы, бәрі дұрыс» деп жазған. Бірақ хаттың астына «жамбасым аздап көгеріп тұр» деп жазыпты. Өзін ұрып-соққаны туралы маған осылай хабар берді», - деді Азат Увалидің анасы  Жанар Макарова.

Азаттың жанында болған Азамат Амангельдиевтің анасы Самал Алипбаева ұлын ұрып-соқты дегенге сенгісі келмейтінін айтады. Баласы адвокат арқылы хат жазып жіберген. Онда: «Мама ұрып-соққан жоқ. Ешкім ұрмады», - деп қана жазған. Алипбаева тек осы хатпен өзін-өзі жұбатып отырғанын айтады.

Үш жігіттің де жасы 19-да. Аналарының айтуынша, сабақты жақсы оқып, пәндік олимпиадалардан жүлде де алған.

«Менің балам Азамат Амангельдиев Құқық-заң академиясының үздік студенті. Мен баламды елімнің патриоты етіп тәрбиелегенмін. Ол қалай террорист болады? Жұмыс істеп, өз күнін өзі көріп жүрген бала. Бұл балалардың барлығы Дарын-онлайнда оқушыларға көмектесіп, қосымша сабақ беріп жүрген», - дейді Самал Алипбаева.

18 қаңтар күні қамауға алынғаннан кейін оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2 тармағы (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу), 287-бабы 2 тармағы (Жарақат алатын қару-жарақ тасымалдау) бойынша күдікке ілініп, іс прокуратураға жіберілген. Алайда 20 күн бұрын қамауға алынса да, іске тергеуші тек 3 күн бұрын тағайындалған. Осы 20 күн бойы ата-аналарға өз балаларын көруге мүмкіндік бермеген.

Байланысты жаналықтар

Алматыда қонақ үй өртеніп, 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді

27.04.2025

Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізіледі

26.04.2025

Қор нарығында теңге нығая түсті

25.04.2025

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

25.04.2025

Досаевпен кездесуде жанжал шығарған әйел «титушка» болып шықты

24.04.2025

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

24.04.2025
MalimBlocks
Алматыда қонақ үй өртеніп, 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізіледі

Қор нарығында теңге нығая түсті

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды

Досаевпен кездесуде жанжал шығарған әйел «титушка» болып шықты

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек