Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Олжас Қасым

  • 01.12.2023

Қызылшаның екпіні қатты.  Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қауіпті дерт Алматы мен Шымкент қалаларында, Маңғыстау,  Жамбыл, Алматы,  Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарында өрши түскен.  Бұл қатарға Астана да қосылатынға ұқсайды. Кеше елорданың Денсаулық сақтау басқармасы дабыл қақты. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында  200-ге жуық бала қызылшадан емделіп жатыр. Министр Ажар Ғиният дәл қазір 30 бала жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Олардың басым бөлігі уақтылы екпе алмаған.

Баласы ауырып емханаға түскен Дариға Өтешова вакцина алмаудың зардабын шеккен.  Ұлы Әділет  қатты сырқаттанып, дертті  ауыр түрде өткеріп жатыр. 

 «5 күн бойы дене қызуы көтеріліп,  үш тәулік тамақ ішпеді. Қимыл-қозғалыссыз қалды. Алдымен конъюктивит басталып, бронхитке жалғасты. Сосын жедел жәрдем шақырып, емханаға келдік. Мұнда да екі күн қатты ауырды. Қазір емделіп жатқандықтан, беті бері қарады.  Ұлым система алып, антибиотик дәрілер қабылдап жатыр. Екпе алуымыз керек еді»,-дейді ол.  

Дариғаның Әділеттен үлкен баласы екпе салдырған.  Соның әсерінен оны   ауру қатты мазаламапты. Тек жөтел ғана қысқанын айтады.

Ел бойынша қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Ауырып жатқандардың 82 пайыздан астамы - балалар. Оның ішінде, 83 пайызы – екпе қабылдамаған. Олардың 60 пайызы бас тартуына, қалғаны егу жасына жетпеуіне байланысты және медициналық көрсетілімдер бойынша вакцина алмаған.

Ақмарал Қасымбектің  қызы Құралай да осы жерде емделуде. Баласы 4 күн үйінде ыстығы көтеріліп, қалтырап ауырған. 5-ші тәулікте жедел жәрдем шақыруына тура келіпті. 

«Құралайға  қызылшаға қарсы екпе салдырғанбыз. Сондықтан сырқат жеңіл өтті. Басында дене температурасы 40-қа жеткен болатын. Дәрі берген соң қызуы түсті. Қазір денесіндегі дақтар азая бастады. Отбасылық дәрігер жақсы қарады. Осы бөлімде реанимацияда 20 бала жатыр»,-дейді емделушінің анасы.   

Ақмаралдың Құралайдан кіші қызы бар. Бірақ ол қызылшамен ауырмаған. Дәрігерлердің айтуынша, қауіпті дертке шалдыққан бүлдіршінді үйдегі өзге балалардан оқшау ұстау керек.

Халық иммунитетінің төмендеуі инфекцияның жаңа толқынының туындауына ықпал етуде. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикасына сәйкес, әлемде 67 миллионнан  аса бала пандемияға және екпеге деген сенімнің төмендігінен және басқа да факторға байланысты жоспарлы екпе алмаған. Осыған байланысты 415 мыңнан аса жағдай тіркелген. 167 елде қызылша ауруы бойынша жағдай қиындай түсті.

Министрлік осы айда  елімізге қызылшаға қарсы 1 млн доза вакцина жеткізбек.  Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен 600 мыңнан астам бала қамтылған. Бұл 1 жас және 6 жас аралығындағы балалардың 84 пайызы. Жыл соңына дейін осы жас тобындағы 100 мыңнан астам балаға екпе салынбақ. 

Байланысты жаналықтар

Алматыда тұмау мен ЖРВИ-ға шалдыққандар көбейді

19.01.2025

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тамақтану стандартын жаңартпақ

16.01.2025

Атырауда қайырымдылық ұйымы балаларға тыйым салынған материал таратқан

14.01.2025

Қазақстандықтар биылдыққа емханаларда 103 млн рет қаралған

13.12.2024

Ресей алып кеткен Украина балаларының  аты-жөні анықталды

04.12.2024

Дем алу мүмкін емес, Өскеменде емханаға баратын адамдар 11 пайызға көбейген

29.11.2024
MalimBlocks
Алматыда тұмау мен ЖРВИ-ға шалдыққандар көбейді

Бір аптада жедел респираторлық вирустық инфекцияның 18 524 жағдайы тіркелген

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тамақтану стандартын жаңартпақ

Министр бұйрығының жобасы жарияланды

Атырауда қайырымдылық ұйымы балаларға тыйым салынған материал таратқан

Прокуратура қайырымдылық мекемесіне айыппұл салды

Қазақстандықтар биылдыққа емханаларда 103 млн рет қаралған

Дәрігерлерге қаралу ауылдық жерлерде де артқан

Ресей алып кеткен Украина балаларының  аты-жөні анықталды

Дем алу мүмкін емес, Өскеменде емханаға баратын адамдар 11 пайызға көбейген

Адамдар жүрек айнуына, тамақ пен бас ауруына шағымданып жатыр