Сапалы маман даярлау – ұлттық жобаның ауқымды бағыты

Malim Админ

  • 19.05.2023

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартып,  халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.  Осы бағытта Денсаулық сақтау министрлігі ауқымды жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып жатыр.  Қазақстанның алдында тұрған ірі мақсаттың бірі – медицина саласында қызмет ететін кадрларды әзірлеп шығару. Өткен жылы осы үшін мемлекет қазынасынан 5000-ға жуық білім беру гранты бөлініп, болашақ дәрігерлер даярлана бастады. Осы гранттың 1 500-і  мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, резидентурада оқуына арналды. Ал биыл бұл көрсеткіш тағы көбейтілді. Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, резидентураға бөлінген гранттар саны 2500-ге дейін жеткізіледі.  Мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де өзекті. 2022 жылы мемлекет есебінен және жергәләктә атқарушы органдардың қаржыландыруымен елу мыңнан аса маман оқытылған. Оның 350-дейі шет елде білім-біліктілігін көтерді. 

Медициналық ғылымның да әлеуеті көтеріліп келеді. Мәселен, қазіргі уақытта онға жуық ғылыми-техникалық бағыттағы жоба қолға алынуда. Ол бүгінгі күні өткір тұрған биоқауіпсіздік мәселелері, қартаю проблемасын оңтайландыруға, инфекцияның алдын алуға арналған препараттарды қамтамасыз етеді.   Қазіргі кезде  6 университеттік аурухана  бой көтеріп жатыр. Сондай-ақ,  салалық біліктілікке баса мән берілуде. Аталмыш  мамандықтың  50-ге жуық  кәсіптік стандарттары дайындық кезеңінде.  Сонымен қатар,  медициналық колледждерді  кең көлемде  аттестаттау шаралары жүзеге асырылды.       

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

30.04.2025

Ұлытау облысындағы екі қалада медициналық мекемелердің базасы жаңартылды

29.03.2025

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

25.03.2025

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары медқалдық жағатын цехқа қарсы

30.11.2024
MalimBlocks
Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

2026 жылдан бастап 1 миллионнан астам қазақстандық тегін көмекпен қамтылады

Ұлытау облысындағы екі қалада медициналық мекемелердің базасы жаңартылды

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысан салынады

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары медқалдық жағатын цехқа қарсы

Еш құжаты болмаса да пеш орнатылып қойған