Саунадағы балалар лагері: Іс сотқа жолданды

12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекеттенген

Malim Админ

  • 13.12.2023

Алматы Білім басқармасы  лауазымды тұлғаларға қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады.  Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады.   

Прокуратура жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекеттену дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді.

«Сондай-ақ, қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді», - деп жазылған хабарламада.  

Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы және Қылмыстық процестік кодекстiң 19-бабына сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептелетіні айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Білім басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысы ұсталған. Сол кезде шенеунік жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мегаполис мекемелерінің оқушыларына арналған лагерь ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушіден 12 миллион теңгеден аса сомада 10 пайыз көлемінде пара алмақ болды деген күдікке ілінгені хабарланды. 

Байланысты жаналықтар

Финляндия президенті Трамп пен Зеленскийге саунаға баруды ұсынды

03.03.2025

Бюджетке миллиардтаған теңге залал келтірген шенеуніктер ұсталды

03.03.2025

Параны уәде ету, ұсыныс жасау және сыйақыны қорқытып алу енді қылмыс ретінде қаралмақ

15.01.2025

Ішкі істер министрлігінің «Еңбек» кәсіпорны басшылары жемқорлықпен әшкереленді

08.01.2025

Бұрын пара үшін сотталған шенеунік Хоккей федерациясын басқаратын болды

06.01.2025

Шымкентте экс-судьяға қатысты тергеу аяқталды

12.12.2024
MalimBlocks
Финляндия президенті Трамп пен Зеленскийге саунаға баруды ұсынды

Бюджетке миллиардтаған теңге залал келтірген шенеуніктер ұсталды

Параны уәде ету, ұсыныс жасау және сыйақыны қорқытып алу енді қылмыс ретінде қаралмақ

Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Ішкі істер министрлігінің «Еңбек» кәсіпорны басшылары жемқорлықпен әшкереленді

Директор орынбасары мен басқарма бастығы пара алды деп күдікке ілінген

Бұрын пара үшін сотталған шенеунік Хоккей федерациясын басқаратын болды

Шымкентте экс-судьяға қатысты тергеу аяқталды