Саяси реформалар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жандандыра түсті

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Галымжан Худияровқа қойған едік.

Malim Админ

  • 13.10.2023

Былтыр референдум өтті. Оны Түркістан халқы қалай қабылдады?  Сіз референдумға атсалыстыңыз ба?

Орынды сұрақ. Былтыр референдум өтті. Конституциялық реформалаудың нәтижесінде Президент 7 жылда бір рет сайланатын болып, Парламенттің пәрмені мен депутаттардың қызметі бекітіліп, Конституциялық сот құрылды. Облыс әкімдері партия филиалдарына жетекшілік етпейтін болды. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізіміне ілінбеді. Заң қабылдау құзіреті тек Парламентте болады,пропорционалды өкілдік жүйесі енгізілді. Бұл өткен референдумның тарихи мән-маңызы ол тұтастай ұлттың тағдырына қатысты мәселелерді халықтың талқысына шығару, оның мемлекеттік билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, демократия негіздерін орнықтыру, осы мақсатты Түркістан халқы жіті түсінгендей. Бұлай ойлауыма себепші болған бірден бір нәтиже Түркістан өңірінде сайлаушылардың 80,66%-ы осы Референдумда өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл пайызды халықтың мемлекет басшысының саясатын қолдауы деп білу керек. «Сең қозғалды, қазағым, сен де қозғал», дегендей, енді бәріміз де тарихи өзгеріске талмай қарқын қосу үшін табанды қайрат көрсетуіміз керек.

Жалпы  мен Референдум бойынша «AMANAT» партиясының Түркістан қалалық филиалы жанынан құрылған штаб мүшесі  болдым. Осыған орай Түркістан қаласындағы көптеген мекемелерінді аралап, референдум өткізу шараларына дейінгі халықты ақпараттандыру жұмыстарын жүргіздік.  Басты мақсат референдумда қаралатын мәселелер, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. 11 мамырда басталған партия жанындағы қалалық штаб референдумды ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарына қатысты 209 кездесу өткіздік.

Референдумнан кейінгі заңдағы өзгерістерге көзқарасыңыз қандай?  Ол елдің дамуына серпін бере ме?

«Жаңа Қазақстан» болу үшін оның негіздері болуы керек –  ең алдымен ол жаңа заңдар. Осы есепте өткізілген Референдундумда ата заңның шамамен үштен біріне өзгерістер енгізілді. Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік формасынан мықты парламентке ие президенттік формаға көшті. Президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салынады, жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болады, қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады, Қазақстанда өлім жазасы болмайды, Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптасады, сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады, мажоритарлық жүйе сайлаушылардың қалауы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік береді. Осы өзгерістерге қоғам қолдау білдірді.  

Менің ойымша, осы 33 баптың 56 жаңалығы елге тың серпіліс бере бастады. Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптасып жатыр. Маңызды шешімдер енді азаматтардың қатысуымен ашық түрде қабылданып келеді. Елімізде жүргізілген конституциялық реформалардың қоғамды демократияландыруды, халық билігінің негіздерін одан әрі нығайтуымен қатар Парламенттің рөлін күшейтуі, Үкіметтің дербестігін арттыруы жөніндегі негізгі қоғам сұраныстарын ескерілуде. Қазір еліміз жаңартылған Конституция аясында, халықтың ерік-қалауы басты орынға қойылған әділетті әрі жаңа Қазақстанға қадам басып келеді.

Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда да өзгерістер болды.  Мажоритарлық жүйе енгізілді.  Жастар мен әйелдерге арнайы квота енгізілді. Сіздің ойыңызша осы өзгерістер жаңа тұлғаларға саясатқа жол ашты ма?

Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында сайлау тізіміндегі әйелдер мен жастар үшін 30% квота туралы норманы енгізуді тапсырды. Осы бастама партияларды неғұрлым белсенді жұмысқа, өз қатарларын жасартуға және жаңа тұлғаларды іздеуге итермеледі деп ойлаймын. Депутаттық корпуста әйелдер мен жастарға берілетін 30 пайыздық квота саяси жүйеге оң өзгерістер әкелетіндігі сөзсіз. Әйелдердің билік өкілетті органдарына және заң шығару процестеріне қатысуы едәуір артып, жастар квотасы өз кезегінде депутаттық корпусты белгілі бір деңгейде жасартуға мүмкіндік берді. Өз ойымша, осы квота арқылы біріншіден, әйелдер мен жас ұрпақ өкілдерінің саясатқа белсенді ден қоюын ынталандырады, екіншіден, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлкен ықпал етеді. Осы себепті өзгерістерге менің көқарасым өте жақсы. Сайлаушылар мен депутаттар арасындағы диалог күшейе түсті.

Ауыл әкімдерін елдің тікелей сайлауына пікіріңіз қалай?

Әкімдерді халықтың тікелей  сайлауы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан реформа. Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылғы 24 мамырда сайлау заңнамасына аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау ең алдымен халық үшін маңызды екенін атап өткім келеді. Әсіресе, 80 пайыздан астамы ауылда тұратын түркістандықтар үшін өте маңызды. Біріншіден, әкімдердің тұрғындар алдындағы жауапкершілігі артады, өйткені оларды жергілікті халық тікелей таңдайтын болады. Екіншіден, тұрғындар өздерінің туған ауылдарының өміріне белсенді қатыса алады.

Жалпы, ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын жанама сайлау жүйесінен тікелей сайлау жүйесіне өзгертілуінің басты себебі жергілікті халықтың басқару жүйесіндегі белсенділігін арттыру және еліміздегі демократиялық процестерді одан әрі дамыту ретінде қарастыруға болады. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдындағы есептілігін күшейтуге, ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына жедел ден қоюын арттыруға, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын

Өзіңіз басқаратын мекеменің жетістіктеріне, жұмыстарына тоқтала кетсеңіз…

Мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  «Орталық су-спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры қызметін атқарамын. Жалпы спорттық мекеменің жетістіктеріне тоқталатын болсақ, 2023-2024 жылғы оқу жылына сәйкес біздің мекемеде қазіргі таңда 177 жас жеткіншек бала келіп жазылған. Осы орайда балаларды жасына қарай 13 топқа бөліп қарастырамыз. Биылғы жылды қорытындылай келсек, Өскемен қаласында өткен «Алтай жұлдызы» атты республикалық жарыста  Гафуржанов Самандор 100 метрге баттерфляй  әдісінен жүзуде күміс медальді иеленді. Сондай-ақ Ақтөбе қаласында өткен VI Пара олимпиадалық ойындарында Рахманберді Сәулет 200 метрде брасс әдісі, 100 метрде брасс әдісі, 100 метрлік шалқалай жүзу әдісі арқылы 1 орынды иеленсе, дәл осы ойындарда Қасымбек Бекасыл 100 метрлік брасс, 200 метрлік комплексті жүзу сайысында  1 орынды қанжығасына байлады. 50 метрге еркін жүзу әдісі бойынша 2 орынды иеленді. Дәл осындай Паралимпиадалық ойындардың бірі Тараз қаласында өткен болатын. Атаулы жарыста Рахманберді Сәулет 3 сайыста чемпион болып, бәрімізді қуантты. Бұлар – қазіргі таңда біздің мекемеде жаттығып жүрген жас жеткіншектер болса,  бұған дейін де біздің мекемеден елімізге танымал Қазақстан Республикасының жүлдегерлері мен жеңімпаздары шыққан. Атап айтатын болсақ олар: Сейділла Мадияр, Тілеубай Нұрғиса, Ирисметов Жамшит, Божбанбай Нұрасыл. Сонымен қатар «Орталық су-спорт кешені» Түркістан қаласының тұрғындарына, қала қонақтарына қолжетімді бағада қызмет көрсетеді. Біздің кешен балалар мен жасөспірімдерге ақысыз түрде жүзу спорт түріне баулуға бағытталған, жаз мезгілінде сауықтыру жұмыстарын жүргізіп отырған жалғыз орын. Кешенде қарт адамдар мен мүгедек жандарға аталған спорт түрімен шұғылдануға жағдай жасалған, зейнеткерлік жастағыларға, мүмкіндігі шектеулі және семей полигондағы болған азаматтарға, спорт және еңбек ардагерлеріне тегін қызмет көрсетілуде.

Ой бөліскеніңізге рахмет!

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.