Саяси реформалар жемісі: Түркістанда әйелдердің қоғамдағы белсенділігі артты
Жаңа Қазақстанды құру үшін атқарылып жатқан жұмыстар, түрлі өзгерістер елді дамытуға, оның экономикасын көтеруге және жаңа мүмкіндіктерге үлкен жол ашып отыр.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев батыл саяси реформалар жасап жатыр. Бұл реформалар мемлекеттік саяси институттардың жұмысына тікелей әсер етуде. Тарихта қалатын үлкен өзгеріс екенін сарапшылар да тілге тиек етуде. Елімізде соңғы кездері жүзеге асқан маңызды саяси реформалар бүгінде жемісін беріп жатқаны жасырын емес. Азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарылған ауқымды жұмыстар дәлел бола алады. Ата Заңға өзгерістер енгізу туралы референдум, Парламент және мәслихат депутаттарын сайлау, ауыл, аудан әкімдерін сайлау науқаны саяси өмірге жаңа есімдерді әкелді. Жастарға, әйелдерге арнайы квоталар бөлініп, сайланбалы органдарда жұмыс істеулеріне мүмкіндіктер молайды. Соның бірі әйел қауымы да белсене атсалысып, праймериз сынды дүниелерге қатысты. Қоғамда орны бар екені дәлелденді. Жақында ғана ауыл әйелдеріне арнап Түркістанда форум өтті. Бұрынғыдай көзқарас жоқ. Біздің қыз-келіншектер саясатқа, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жатыр. Қазіргі таңда, облыста 177 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде 15 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр. Өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек етуде. Облыс көлемінде шамамен 155 073 мың кәсіпкер болса, оның 48 000-ға жуығын шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды. Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 32%-ында әйел адамдары басшылық жасауда. Яғни, Түркістан өңірінде жұмыс жасайтын әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлері болып табылады. Бұл бағытты қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» өткен жылдың қараша айында Түркістан қаласында құрылды. Орталықтың мақсаты – кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау. Орталыққа кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер, бастаушы стартаперлер кеңес алу үшін қызмет көрсетуде. 2023 жылғы қазіргі таңдағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 1564-і немесе 27,3 пайызын нәзік жандылар құрайды. Оның ішінде, 249-ы немесе 15 пайызы басшылық лауазымдарды атқарады. Тұрақты жұмыс орындарына 35 195 азаматтар жұмысқа жолданып, оның 15 664-і әйелдер немесе 44,5 пайызын құрады. Субсидиялау арқылы уақытша жұмыс орындарына 34 959 азаматтар жолданып, оның 18 923-ін әйелдер немесе 54,1 пайызын құрады. «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқуға 21 708 адам жолданды (оның ішінде 12 660 әйелдер немесе 58,3 пайыз). Грант 1 687 адамға беріліп, оның ішінде 977 адам немесе 57,9 пайыз әйелдерді құрады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 403 адам жолданды (оның ішінде 242 әйелдер-і немесе 60,0 пайыз). Осы деректерден Президентіміздің саяси реформалары өңірде белсенді жүзеге асып жатқанын байқаймыз. Тең құқық беріліп, азаматтық ұстанымының арқасында ел болашағына азамат ретінде, ана ретінде үлкен істер атқарарынан сенемін. Бұл тұрғыда отандық балалар фильмінің де орны зор. Бұл бағытта да біршама жұмыстар атқарылып келеді. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда кино өндірісі, соның ішінде балалар фильмі жайлы жақсы бастама көтерілді. Бүгінде «САҚ» киностудиясымен бірлесіп, ұлттық идеологияны дамытатын бірнеше анмациялық фильмдер жасалды. Облыс басшылығының қолдауымен мұндай жобалар әрі қарай да жалғасын таба бермек.
Райхан НАРИКОВА,
«Оңтүстікфильм» мекемесінің басшысы,
Түркістан облысы.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.