Синтетикалық есірткі: Тасымал мен сауда

Malim Админ

  • 30.09.2020

Қазақстанда жиырма төрт мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Арнайы орталықта тіркеуде тұр. Бұл ресми дерек. Ал бейресми дерек көрсеткіші одан да жоғары. Қоғамдық ұйымдардың есебінше жүз жиырма мыңнан асып кеткен. Статистикалық мәліметтер соңғы бес жылда есірткіге тәуелділер саны 35 пайызға төмендеген. Бірақ он тоғыз мың қылмыс соңғы бес жылда осы есірткімен байланысты болған екен.

Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында есірткі заттарын дайындау, тарату, саудалау, насихаттаудың жолдары барынша кеңейіп жатыр. Бірақ биыл жыл басында есірткілерді насихаттайтын сайттарды жабу туралы заң шыққан.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет сайттардың сілтемесін таратуға байланысты қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізгенін білесіздер. Қылмыстық кодекске жаңа 299-1-бап енгізілді. Ол бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Осы қылмыс топпен, бірнеше рет, білім беру ұйымдарында немесе адам көп жиналатын орында, бұқаралық ақпарат құралын немесе электрондық ақпарат ресурсын пайдаланып, қызметтік жағдайын пайдаланып жасалса, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленді.

Бірақ сонда да есірткі саудасы мен тасымалы тоқтап тұрған жоқ. Соңғы кезде, әсіресе, синтетикалық есірткілерді пайдалану кең етек алып барады. Мамандар қоғамдық иммунитет қалыптасып қалған «әдеттегі» есірткілердің орнын неғұрлым қауіпті синтетикалық есірткі түрлері басып жатқанын да жасырмайды.

Өткен тәулікте республика аумағында 3 378 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркеліпті. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз  министрліктің Facebook парақшасында өткен брифингте: «Өткен аптада 3 378 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде 2 199 қылмыс ашылды. Ұрлық фактілері әдеттегідей қылмыстың басым үлесін құрайды. Өткен аптада 1 274 ұрлық тіркелді. Оның 530 ізі суымай ашылды», - деді. Есірткі саудасына қатысты 164 қылмыстың тіркелгендігін де айтып өтті. «Бұл статистикада синтетикалық есірткінің таралуын проблемасын айрықша атап өткен жөн. Бүгінгі брифинг аяқталғаннан кейін «Қауіпті. Синтетика» деп аталатын фильм көрсетілетін болады. Үш жылдың ішінде ол героинді ығыстырып шығарды. Бұған қоса, әлі күнге дейін синтетикалық есірткіге тәуелділерді есепке алу жүргізілмей келеді», - деді Нұрділдә Ораз.

Бұл мамандардың пікірін де қуаттай түседі. Синтетикалық есірткілерді қолдану аясы кеңіп бара жатқанын республикадағы есірткі қылмыстарынан да байқауға болады.

Жуырда ғана Өскемен қаласының тәртіп сақшылары «Қарасора» жедел-іздестіру шаралары барысында психотропты заттарды жасырын сатып келген ерлі-зайыптыны ұстаған. Құқық қорғаушылар арнайы шара барысында 32 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйелді қолға түсірген. Олар осы жылдың қыркүйек айының басында Нұр-Сұлтан қаласынан Өскеменге келіп, психотропты заттарды сата бастаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер синтетикалық психотропты заттардың партиясын көлемді күйде сатып алып, шағын дозаға бөліп, жасырын қуыстар арқылы өткізіп отырыпты.

«Тінту барысында күдіктілерден 150 грамм болатын психотропты зат табылды. Бұл – 500 реттік дозаға тең. Олардың бағасы қара нарықта 4 миллион теңгеге дейін жетеді. Сонымен бірге құқық қорғаушылар дозаларды қаптауға және өлшеуге арналған құрылғыларды тауып алды», - деді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев. Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып та кетті. Олардың қылмысы расталса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Осы синтетикалық есірткілердің ірі шикізаты Алматыда табылды. Арнайы іс-шара кезінде полицейлер есірткі зертханасын жойды.Тінту кезінде 80 литрлік төрт бөшке, 100 гр «Мефедрон» тәркіленді. «Белгілі болғандай, есірткіні 1976 жылы туған К. есімді азаматтың құрған тобы дайындап келген. Біз қолданыстағы есірткі зертханасын және қойма базасын жойдық. Заңсыз айналымнан жабдықтар мен осыған ұқсас бес жаңа зертхана ашуға арналған материалдар алынды. Тінту жүргізгенде ішінде қою түсті, белгілі бір иісі бар 20 литрлік төрт темір канистр, екі полиэтилен орама, магнит араластырғыш тәркіленді»,– дейді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов. Сот-химия сараптамасының қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған ақ ұнтақ заттың «Мефедрон» екені анықталды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалып жатыр.

Бұндай ұстаулар жалғаса береді. Бірақ қылмыс азаймай тұр. Есірткінің аса қауіпті түрін саудалап жүргендердің жазалары дайын. Бірақ сол жазалы жолдан арылатын уақыт бола ма екен?

Байланысты жаналықтар

Нұрғазы Сасаев: Арманымыз рекордтар болды. Соның зардабын тартып келеміз...

19.07.2024

Көкшетау полицейлері есірткі жасырушыдан 185 бума тәркілеген (ВИДЕО)

06.07.2024

Биылдыққа елімізде 41 есірткі жеткізу арнасы мен 16 зертханасы жойылған

26.06.2024

7 келі меф, 200 литр прекурсор... ҰҚК Алматыда есірткі зертханасын тапты (ФОТО, ВИДЕО)

02.06.2024

Балаларды интернет қаупінен қалай сақтандырамыз?

02.06.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024
MalimBlocks
Нұрғазы Сасаев: Арманымыз рекордтар болды. Соның зардабын тартып келеміз...

Бар кінә мен кінәрат – дайындық пен әзірліктен

Көкшетау полицейлері есірткі жасырушыдан 185 бума тәркілеген (ВИДЕО)

Ол өте үлкен мөлшерге жатады

Биылдыққа елімізде 41 есірткі жеткізу арнасы мен 16 зертханасы жойылған

Бүгін Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні

7 келі меф, 200 литр прекурсор... ҰҚК Алматыда есірткі зертханасын тапты (ФОТО, ВИДЕО)

Бәрін екі адам істеп отырған

Балаларды интернет қаупінен қалай сақтандырамыз?

Полиция ата-аналарға негізгі ережелерді ұсынды

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті