Солтүстік Қазақстанның Тереңкөлінде балық қырылды
Балықтың қырылғаны жайлы хабар WhatsApp арқылы түскен

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Тереңкөлде балықтар қырылып қалды. Мамандар қазіргі уақытта балықтың өлексесі мен су сынамасын зерттеп жатыр.
Тереңкөлде балықтар 25 сәуір күні қырылған. Бұл туралы СҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеді.
Оқиға орнына экология департаменті, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Аққайың ауданының ветеринария қызметі мамандары және «НПЦ РХ» ЖШС қызметкерлері аттанды.
Балықтың қырылу себебін анықтау үшін өлген балықтың ұшасы мен су сынамасы алынды.
«Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ мәліметінше, Тереңкөлде балықтың қырылғаны жайлы хабар оларға WhatsApp арқылы түскен.
«Тереңкөлде мөңке балығы қырылған. Өлген 100 келі балықты жинап, жою жұмысын ұйымдастырдық. Алдын ала болжам бойынша, таяз көл қыста түбіне дейін қатып, су жәндіктері ауа жетпей тұншығып өлген» деп хабарлады мекемеден.
Тереңкөл көлі Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылына 4,5 км жетпей орналасқан. 286 га аумақты алып жатыр, тереңдігі - бар болғаны 1,5 м. Кәсіпшілік балық аулау үшін «Зенченко и К» серіктестігіне бекітілген екен. Былтыр СҚО көлдерінде 7 рет балық қырылу дерегі тіркелген.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Генпрокуратура отстранилась от проблем Малого Талдыколя
На днях Генеральная прокуратура выпустила сообщение о столичных озерах Малый Талдыколь. Как отметил исполняющий обязанности генпрокурора Тимур Ташимбаев, «обозначенная проблема находится на контроле комитета по управлению земельными ресурсами и после завершения судебных разбирательств будет рассмотрен вопрос реагирования на сложившуюся ситуацию». Член правления в Коалиция корпоративных юристов Aqiqat Шынгыс Темир, считает, что, выразив такую позицию, прокуратура просто решила остаться в стороне.
Омар и Ахметов охраняют тайну радиации в Усть-Каменогорске
Руководитель общественного объединения «Право и Справедливость», правозащитник Алексей Божков требует обнародовать информацию о радиационном загрязнении Усть-Каменогорска. Городские и областные власти Божкову отказывают. Не помогают даже суды.