Шымкентте алғашқы отбасылық кітапхана ашылды

Malim Админ

  • 20.03.2021

Бүгін Шымкент қаласындағы Забадам шағын ауданында «Наурыз» мерекесіне орай Қазақстандағы алғашқы «Отбасылық кітапхана» ел игілігіне берілді. Кітапхананың ерекшелігі – мұнда үйірме жұмыстарын жүргізу, іс-шаралар өткізу, коворкинг, қауымдастықтар мен клубтарды дамыту мүмкіндігі бар комьюнити орталықтары  бола алады.

Дегенмен дәстүрлі оқу мен жұмыс істеуге де ыңғайл боп қала бермек. Қала әкімі Мұрат Әйтенов отбасылық кітапхана отбасы құндылықтары мен отбасылық демалысты насихаттауға зор мүмкіндік берерін атап өтті. Қала басшысы кітапхана жанынан ашылған «Шахмат» үйін де аралап көрді.Кітапхана ұжымы қала әкіміне отбасылық абонементін тарту еткен еді, ол да құры келмепті, кітапханаға өз атынан бірнеше кітап сыйға тартты.Ұжымның айтуынша,  бұл кітапханаға келушілерге отбасылық психология және бизнесті жүргізу тақырыптарында секциялар ұйымдастырылмақ.  Сондай-ақ, тұрақты оқырмандарға Шымкент қаласының мәдениет басқармасы өткізетін ойын-сауық іс-шараларына, спектакльдерге тегін билеттер ұсынбақ.

MalimBlocks