«Таңбалы тас» – тарих мұрагері

Malim Админ

  • 07.12.2020

Көне дәуір шежіресі болып табылатын – «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» 2003 жылы құрылып, 2004 жылы ЮНЕСКО-ның  Бүкіләлемдік   Мұралар  Тізіміне енгізілді.

Музей Алматы облысы, Жамбыл ауданында, Алматы қаласынан 170 км солтүстік-батысқа қарай, Қарабастау ауылынан 4 км жерде орналасқан. Жалпы аумағы  - 3800 га.   Мекемеде төрт бөлім,  37-штаттық бірлік жұмыс істейді.

Музей қорындағы экспонаттардың жалпы саны - 89, оның ішінде: жартас суреттерінің  көшірмелері - 12, археологиялық экспонаттар - 37, ұлттық нақыштағы  жәдігерлер саны  - 40. Сондай –ақ «Таңбалы» кешенінің ортаңғы аумағындағы бес топқа жүргізілген санақ бойынша - 3195 жартас суреттері сақталған. Ескерткіштердің жалпы саны - 5000 құрайды.

2018-2019  жылдары  «Таңбалы» қорық музейінің «Сапар  орталығы» ғимаратының құрылысы бастау алып, жаңа орталық бой көтерді.  2020 жылы республикалық бюджет бойынша ғимараттың  көрме залын музейлендіру жұмыстары жүргізілді. Заманауи үлгіде жабдықталған  жаңа орталық   көрме залы, конференция залы, зертхана, кітапхана, кеңсе, келушілер үшін асхана және қонақүймен қамтылған. Сондай-ақ ғимарат сыртында  ұлттық нақыштағы этноауыл алаңы,  яғни 5 киіз үй орналасқан. Сапар орталығының сыртқы алаңы толығымен көгалдандырылып,  келушілер үшін арнайы автотұрақ пен беседкалар қамтамасыз етілген.  2019  жылы облыс әкімдігінің қаржыландыруымен  Қарабастау ауылынан арақашықтығы 5 км құрайтын «Таңбалы» кешеніне   су жүйесі тартылды. Нәтижесінде кешенге келген туристерді таза ауыз сумен қамту мәселесі шешімін тауып, кешен аумағын көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Үстіміздегі жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жаңа орталықтың   ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице - министрі Н. Дәуешов,  Алматы облысы әкімінің орынбасары  Р. Әлиұлы,  ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы  Кластерлік Бюросының мәдениет бойынша өкілі А.   Халафова және Жамбыл ауданының әкімі Б.Әлиев құттықтау сөз сөйлеп, жаңа ғимараттың лентасын қиды. Ашылу рәсіміне жиналған қонақтар ғимаратпен танысып, көрме залын тамашалады.

Бұдан кейін салтанатты шара «Жетісудың жартас өнері» атты республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциямен жалғасып, «Жетісудың жартас өнері» атты үш тілдегі жаңа жинақтың   тұсауы кесілді.

Конференция барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Ж.Таймағанбетов, археология ғылымдарының phd докторы,  Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультетінің археология-этнология кафедрасының меңгерушісі Р.Жұматаев құттықтау сөз сөйлесе, «Таңбалы» қорық- музейі ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Р.Шарипов,тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология иститутының жетекші ғылыми қызметкері А. Уалтаева,Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген экскурсоводы, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени-құндылықтар ұлттық комитетінің мүшесі,  «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің әдіскері Б.  Оразымбетова және тағы да басқа зерттеушілер баяндама жасады. Конференция жиынына облыс, аудан әкімдігінің өкілдері, тарихшылар,  БАҚ өкілдері  шықырылды және  республикалық музей-қорықтар онлайн- форматта қатысты.   Конференция соңында қатысушылар «Таңбалы» кешеніне саяхат жасады.

«Таңбалы» отандық және шетелдік туристер мен зерттеушілердің зор қызығушылығын тудырып отырған, ерекше тарихи аймақ. Және ол Жетісу өңіріндегі ашық аспан астында орналасқан дала өркениетінің қайталанбас үлгісі яғни,  «дала галереясы». Оған дәлел-мұнда келетін туристер санының  жыл санап артуы. Атап айтсақ 2019 жылы музейге келген отандық және шетелдік туристердің жалпы саны 8 мың 862 адамды құраса, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейгенін,  2018 жылмен салыстырғанда  65 пайызға өскенін байқаймыз.

Аталған көрсеткіштер бойынша Орталықтан 170 шақырым шалғайда орналасқан ашық аспан астындағы қорық-музейі үшін арнайы ғимараттың болуы заңдылық. Музейге дейін бірнеше шақырым жол жүріп келетін туристер, зерттеушілер және басқа да келушілерге таза ауыз су, асхана  мен жатын орын қажеттілігі  сапалы қызмет көрсетудің негізгі шарттары екені белгілі.  Сондай-ақ ғимарат ішіндегі конференция залы ғылыми – жобаларға негізделген мәдени шараларды (конференция, семинар, дөңгелек үстел т.б) және басқа да жиындарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал зертханаға арналған арнайы бөлмеде музей қызметкерлері  археологиялық қазба жұмыстарынан табылған тарихи жәдігерлерді, басқа да бұйымдарды зерттеп, талдау жұмыстарын жүргізуге, консервациялық жұмыстарды ұйымдастыруға  қолайлы.   Яғни, келушілер «Таңбалы» шатқалындағы жартас бетінен көрген  бейнелермен қатар ғимарат ішіндегі көрме залы арқылы  археологиялық қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлермен танысып, қосымша ақпараттар алады. Сондай-ақ ұлттық дәстүріміз, тарихымыз бен мәдениетімізге негізделген этноауыл арқылы қазақтың дәстүрлі қолөнері, аңшылық   өнері,  тұрмыс-салт бұйымдары  басқа да ақпараттармен танысады.

Үстіміздегі жылы «Таңбалы» қорық музейінің ғылыми қызметкерлері Әл-Фараби атындағы ҚМУ-дің геоархеология зертханасының мамандарымен бірлесіп Алматы облысы,  Жамбыл ауданының  Кеңсай елдімекенінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, қазба барысында қола дәуіріне тиісті 8 қабір, орта ғасырға тән 2 қабір және ерте темір дәуіріне жататын 2 қорған ашылды. Қазіргі таңда қазба жұмыстарынан табылған тарихи жәдігерлерді зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зерттеу жұмыстары аяқталған соң жәдігерлер музей қорына алынады. Сонымен қатар «Таңбалы» қорық-музейнің ортаңғы аумағындағы бес топқа мониторинг жұмыстары жүргізіліп, жалпы саны 3195 жартас суреттері үш тілде құжаттандырылды.

Сондай-ақ  музей ұжымының бастамасымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында 2018-2019 жылдарды қамтитын  «Жетісу петроглифтері» атты  танымдық экспедиция   Жетісу өңірінің жартас өнеріне ғылыми барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде «Жетісудың жартас өнері» атты үш тілдегі монографиялық жинақ жарыққа шықты.

Мұражай – тарих мұрагері. Бұл бағытта музей ұжымы еліміздің туризм саласының дамуына үлес қосу, тарихи ескерткіштерді соның ішінде көне дәуір шежіресі болып табылатын -жартас өнерін сақтап, болашақ ұрпаққа табиғи қалпында жеткізу, еліміздің тарихи бай мұрасын отандық және шетелдік туристерге кеңінен насихаттау, осы салаға маманданған кадрлық әлеуетті арттыру, мамандарды тарту, олардың елге, жерге, ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызға деген құрмет сезімін дамыту, дархан дала кеңістігінде (шалғай елдімекен) заманауи үлгідегі табиғи-мәдени және рухани  орталық   қалыптастыру,  жартас өнері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыру, отандық және шетелдік ғалымдармен, зерттеушілермен тәжірибе алмасу сынды көптеген жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отыр.  Жаңа орталық - «Таңбалы» корық-музейінің  заманауи келбетін қалыптастырып, ғылыми зерттеулер, өзара халықаралық байланыстар, ірі ғылыми және инвестициялық жобалар жасауға  мүмкіндіктер  береді.  Болашақта "Таңбалы" қорығы туристерді, зерттеушілер мен менеджерлерді тартатын әлемдік деңгейдегі мәдени орталыққа айналуы тиіс. Бұл – музей ұжымының алдағы уақытқа жоспарланған  келелі мақсаттарының бірі.

                                                                   Мадияр  Әмірғалиев,

                                            ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне

                                            қарасты «Таңбалы» мемлекеттік

                                            тарихи- мәдени және табиғи қорық-музейі»

                                            РМҚК-ның  директоры

Байланысты жаналықтар

Қонаевта кортеж жасаған көліктер айып тұрағына қамалды

16.11.2024

Нарынқол мен Кегенде жер сілкінісі сезілді

02.11.2024

Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге іздеу салынды

22.10.2024

Талғардағы оқиғадан соң Алматы облысы ПД басшысы ауысты

19.10.2024

Талғарлық Хасанның әкімдіктегі туысы қызметінен босатылды

15.10.2024

Талғардағы оқиға: бейнежазбаның таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

15.10.2024
MalimBlocks
Қонаевта кортеж жасаған көліктер айып тұрағына қамалды

Олар перзентханадан шығып, осылай тойламақшы болған

Нарынқол мен Кегенде жер сілкінісі сезілді

Дүмпу ошағы Алматы қаласынан 258 шақырым жерде болған

Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге іздеу салынды

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталған

Талғардағы оқиғадан соң Алматы облысы ПД басшысы ауысты

Облысқа жаңа бас полицей СҚО-дан келді

Талғарлық Хасанның әкімдіктегі туысы қызметінен босатылды

Сондай-ақ Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Талғардағы оқиға: бейнежазбаның таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазір бұл іске 10 адам күдікті деп танылған