Төменгі жалақыны көтеру үшін петицияға қол жиналмақ

Қазақстанның ұлттық партиясы еңбек конфедерациясымен бірлесе отырып, үкіметтен ең төменгі жалақыны 90 мың теңгеге көтеруді талап етіп, петиция жариялады.
Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов аталған петицияны таратуға ат салысып, жүз мың қол жинап, мәселеге үкімет назарын аударатынын айтып уәде берді.
"Егер үкімет петициямызды назарға алмаса, тағы жүз мың қол жинаймыз. Сосын тағы жүз мың, керек болса, тіпті миллионға жеткіземіз", - деді Смайлов.
Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдан бастап төменгі жалақыны 42500 теңгеден 60 000 теңгеге көтеруді тапсырған болатын. Президент осылайша елдегі бірқатар мәселе шешімін табатынын айтқан еді.
"Ең төменгі жалақыны қайта қарайтын уақыт келді. Елімізде ең төменгі жалақы 2018 жылдан бері көтерілген жоқ. Бұдан бөлек, минималды жалақы мөлшері жағынан Қазақстан ТМД-ның бірқатар елінен қалып қойды. Бұл шара 1 миллионнан астам адамға тікелей пайдасын тигізеді. Ал жанама түрде барлық жұмысшыға пайдалы болады", - деді Мемлекет басшысы парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Қаңтар қырғыны. Қаза тапқандардың есімін жариялау не үшін қажет?
Журналист әрі азаматтық белсенділер Әсем Жәпішева мен Бэлла Орынбет қаңтар қырғынында қаза тапқандардың аты-жөнін жариялауды талап етіп, петиция ұйымдастырды. Ал құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина бүлік кезінде қаза тапқан, қамауға алынған, жарақаттан және іс-түссіз жоғалған азаматтардың тізімін жасайтын Qantar 2022 сайтын іске қосты. Malim.kz тілшісі олармен тілдесті.