Тұңғыш президент күнін қайта мереке жасады
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекелік күндер тізіміне кірді.
Үкімет «Мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы 2017 жылғы 31 қазандағы» қаулыға өзгеріс енгізді. Қаулының жаңа нұсқасында 19 мерекелік күн бар. Олардың қатарына 1-желтоқсан Тұңғыш президент күні қосылған. Былтыр Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған болатын.
Қосымшаға сәйкес мереке күндерінің тізбесі:
1. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күні – 15 ақпан;
2. Алғыс айту күні – 1 наурыз;
3. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі;
4. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
5. ҚР мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;
6. Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі;
7. Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;
8. Абай күні – 10 тамыз;
9. Спорт күні – тамыз айының үшінші жексенбісі;
10. Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз;
11. Білім күні – 1 қыркүйек;
13. Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек;
14. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
15. Қарттар күні – 1 қазан;
16. Нан күні – 16 қазан;
17. Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша;
18. Ұлттық валюта күні – 15 қараша;
19. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.
Мерекелер туралы заңға сәйкес, 10 мемлекеттік мереке бар. Ол күндері елде демалыс жарияланады.