Түрксіб қуғыны. Көмекке мұқтаж жандарды қаңғыбас жасамақ

Айшолпан КЕРІМ

  • 09.04.2021

Ағымдағы жылдың 12 сәуіріне дейін Алматыдағы Түрксіб ауданында зейнеткер Ирина Симоненко мен оның екінші топтағы мүгедек баласы тек өздері емес, үйсіздерге арналған пана, отбасылық үлгідегі балалар үйі мен қараусыз қалған жануарларға арналған пана болған ғимаратты босатуы керек. Жиырма жылдан бері «Орал» қоғамдық қоры жалдамалы негізде көмекке мұқтаж 4000 адамға қол ұшын созған. Көмекке мұқтаж босқындардың мәселесі бойынша БҰҰ-ның жоғарғы комиссарының басқармасы қормен бірлесе жұмыс істеген. Алайда қазір қордың өзі дәл сол босқындардың күйін кешуде.

«Біз еріктілер мен демеушілер болып, қоғамға мемлекет істемеген жақсылықты жасап келеміз. Мемлекет бізді қуғын-сүргінге ұшыратуда. Түрксіб ауданы әкімдігі 2004 жылы отырған жерімізден қумақ болған. Қазір сыған құсап, көшеде қалғалы тұрмыз. Мәселенің бәрі жерді жалдау туралы келісімшарт жалғаспағаннан басталды. Ұлымның мүгедектігі бар болса да, мемлекеттен әлі баспана берілген жоқ, жасы қырыққа таяды» - дейді Симоненко.

Иринаның сөзінше, баласының жағдайын айтып, елбасыға хат жазған соң, оған 10 соттық жер беру бойынша үкім шыққан. Алайда құзырлы органдар ол жерді де заңдастыруға мүмкіндік бермеген.

«Мүгедектігі үшін берілген жерді әлі заңдастыра алмадық. Одан бөлек тұрып жатқан ескі орнымызды тартып алмақ. Бұл геноцид, шенеуніктердің терроризмі. Алматының игерілмеген ұлан-ғайыр жері бар. Соны игермей, 1939 жылы салынған біздің ғимаратқа талас жасау керек пе еді? Қазірдің өзінде қаншама адам далада қалды» - деген Симоненко жеті жылдан бері әкімдік пен Мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру департаменті оның ғимаратты босатуы үшін түрлі қулық жасағанын айтты.

«Негізі қуғын-сүргін мәселесі жалдамалы жер келісімі аяқталған кезде басталды. Қаржы министрлігіне өтініш жібердім, олар келіспеді. Келісімшартты созу үшін Кәрім Мәсімовтің қолына арнайы хат ұстаттым. Кейін Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ескертпей келіп, тексеріс жасап, жала жабушылық мәтінді шағым жазып жіберген.

Бізде адам жоқ депті, мен өзім көшеде қалғалы тұрғанда адам қабылдай алмас едім ғой. Мұны олар өздерінше ойнатып, біздің арнайы баспанада көмекке мұқтаж ешкім жоқ деп жазып жіберген. Ол кезде тек қараусыз жануарларды қалдырдық, ал өзге көмек жобаларын сондай қиын кезеңде тоқтата тұруға мәжбүр едік. Көмек сұрап барсам, оқиғаны өзгеше төңкеріп жіберіп, өзім кінәлі болып шыға келдім. Олар конструктивті диалог құрудың орнына, өтірік әңгіме таратып, бермеген пәтерін бердік деп, мені жаман ғып көрсетуде» - деді Симоненко.

Көмекке мұқтаждарды асырау үшін Симоненко 2007 жылы өз пәтерін сатуға мәжбүр болған. 21 жылдан бері «Орал» қайырымдылық қоры мен «Жаңа әлем» отбасылық балалар үйі» жетімдер үйі мен интернат түлектерін, көпбалалы аналар мен қараусыз қалған қарттарды баспанамен қамтамасыз етіп, көмек көрсетіп келеді. Жеті жылдан бері премьер министрдің үкімімен 2-топтағы мүгедек Тимофей Симоненкоға берілген жерді Алматы шенеуніктері заңдастыруға жол бермеді. 2019, 2020 жылдары жасаған Симоненконың шағымын сот қарамастан, кері қайтарған. Қазір зейнет жасындағы Ирина мен оның мүгедек ұлы Тимофей үш күннен кейін мемлекет меншігіне өтуі мүмкін ескі ғимаратта отыр.

Байланысты жаналықтар

Талдықорғанда жасөспірім зейнеткерді ұрып-соқты

07.04.2025

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

03.04.2025

Зейнетақы қалай өседі? Министрлік жауап берді

19.03.2025

Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді

17.01.2025

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға зәбір көрсеткен пансионат анықталды

14.01.2025

Перизат Қайраттың қымбат пәтерлері, көліктері мен брендтік бұйымдары тәркіленді

13.12.2024
MalimBlocks
Талдықорғанда жасөспірім зейнеткерді ұрып-соқты

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

ҚМА мән-жайды айтты.

Зейнетақы қалай өседі? Министрлік жауап берді

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 455 мың адам.

Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға зәбір көрсеткен пансионат анықталды

Онда үнемі ұрып-соғып отырған

Перизат Қайраттың қымбат пәтерлері, көліктері мен брендтік бұйымдары тәркіленді

Оған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылған