Ұлттық қоғамдық кеңесте білім мен ғылымға қатысты келелі мәселелер көтерілді

Malim Админ

  • 29.09.2020

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мамыр айындағы отырысында білім мен ғылымды дамыту мәселелері негізгі тақырып болды. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев білім және ғылым жүйесі үшін маңызды тапсырмалар берді.

Мысалы, педагогикалық мамандықтарға түсетін абитуриенттерге қойылатын талаптарды арттыру және стипендия мөлшерін 42 мың теңгеге дейін ұлғайту тапсырмасы берілді.

Өткен жылы стипендия мөлшері 21 мың теңгені құраса, Президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өсті. Ал 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңге мөлшерінде болып отыр. Бұл барлық мамандықтардың ішіндегі ең жоғарғы стипендия болады. Айта кетерлігі, студенттер кешеден бері осы стипендияны ала бастады.

Сондай-ақ, осы жылдың маусым айынан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл бірден 70-ке дейін көтерілді.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңды қабылдаудың және атқарылыған шаралардың арқасында биыл «Алтын белгі» төсбелгісі иегерлерінің арасында педагогикалық мамандықты таңдағандар саны 1,7 есе өсті, ал көптеген бағыттар бойынша орташа балл 100-ден асты.

Егер бірнеше жыл бұрын педагогикалық мамандыққа түсушілердің орташа балы 65-ті құраса және педагог мамандығы түлектер арасында көп сұранысқа ие болмаса, қазір жоғары балл жинаған мықты түлектер педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түсе бастады.

Сондай-ақ ҰҚСК қорытындысы бойынша берілген тапсырмалар аясында докторанттардың стипендиясы 102 мыңнан 150 мың теңгеге дейін өсті. Мұндай шара жас ғалымдарды қолдау үшін өте маңызды, өйткені докторанттардың отбасылары бар және олар өз зерттеулерін жүргізумен айналысады.

Бұдан бөлек 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік гранттың құны айтарлықтай өсті. Бұл неге маңызды?

Бұл жоғары оқу орындарына оқытушылардың жалақысын арттырып, материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қорытындысы бойынша берген тапсырмасының барлығы ерекше бақылауда және белгіленген мерзімде орындалатын болады.

Дереккөз: facebook.com

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, Білім және ғылым министрі

Байланысты жаналықтар

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

25.05.2023

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

24.05.2023

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

23.05.2023

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

23.05.2023

Медицинский чекап для молодоженов вводит Минздрав

23.05.2023

Тұрғындарды үйсіз қалдырған әкім сөгіс алды

23.05.2023
MalimBlocks
Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқорлықпен айыпталған шенеуніктерден тәркіленген қаржыға биыл 4 мектеп салынатын болды.

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

Олар амалсыздан осындай әрекетке барып отыр

Медицинский чекап для молодоженов вводит Минздрав

Минздрав Казахстана предлагает ввести паспорт здоровья для будущих семейных пар. Документ предполагает прохождение комплексного медицинского обследования.

Тұрғындарды үйсіз қалдырған әкім сөгіс алды

Биыл осы мақсатқа 67 млн теңге жоспарланған, алайда тиісті жұмыстар  жүргізілмеген.