Вакцина салдырғандардың 0,05 пайызы ғана вирус жұқтырған

Қазақстанда вакцина салдырғандардың ішінен 2 212 адам немесе 0,05 пайызы ғана вирус жұқтырған. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингіде денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді.
"Вакцинациядан кейін 2 212 адам вирус жұқтырды. Оның 1300-і бірінші компоненттен кейін, ал 900-і екінші компоненттен кейін вирус жұқтырды. Қайтыс болған адамдар жоқ", - деді Марат Шоранов.
Денсаулық сақтау министрі орынбасарының айтуынша, вакцинациядан кейін вирус жұқтырғандардың бәрінде ауру симптомсыз немесе жеңіл түрде өтті. Олардың 80 пайызы амбулаториялық жағдайда ем алса, 20 пайызы ауруханада жатып емделген. Ауруханаға жатқызылғандар ауруы орташа дәрежеде өткен, індеттің ауыр салдары болмаған.
Айжан Есмағамбетова бұған дейін бұл вирус жұқтырудың өте төмен көрсеткіші екенін айтқан. Вакцина өндірушілер вакцинаның тиімділігі 90 пайыздан асатынын мәлімдеген.
8 шілдегі мәлімет бойынша, елімізде вакцинаның екі компонентін салдырғандар саны 2,2 миллион адамнан асты. Вакцинаның бірінші компонентін 4 миллионнан астам адам салдырды.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Исполнилось три года со дня трагических событий в Кордае
6 февраля в мечети «Дін Ислам» в селе Сортобе глава региона Нуржан Нуржигитов принял участие в церемонии, посвященной памяти погибших в ходе массовых беспорядков. В селе Сортобе и сегодня, 7 февраля, провели поминальный обед, на котором присутствовали жители всех соседних сел.