Юрий Шатунов қайтыс болды

"Ласковый май" тобының экс-солисті Юрий Шатунов қайтыс болды, бұл туралы ақпарат ресейлік БАҚ беттерінде жария болды.

Ақниет Аманжолқызы

  • 23.06.2022

БАҚ беттеріндегі ақпарат сүйенсек, 48 жастағы ресейлік әнші Мәскеуде Домодедова ауруханасына жете алмай жүрек талмасынан қайтыс болған.

"Бүгін түнде жедел жәрдем көлігінде Юраның жүрегі тоқтап қалды", - деп хабарлаған БАҚ өкілдеріне әншінің менеджері.

Ресейлік әнші Юрий Шатунов 1973 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келген. 1986 жылы жаңадан құрылған "Ласковый май" тобына мүше болған. Топ бірнеше жыл ішінде танымалдыққа ие болды. Оның орындауындағы "Белые Розы", "Седая ночь", "Детство" және басқа да әндері өз заманында хит-парадтардың алдыңғы қатарында болған.