«Жасыл Қазақстан» экологиялық ахуалды жақсартады

Қазір әлемдегі экологиялық ахуал тым күрделі. Су көздері тартылып, ауа ластанған, орман өрттері күшейген. Айтылған мәселелер елімізді де айналып өтпейтіні белгілі. Сондықтан, еліміздегі ахуалды жақсарту үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қолға алынғаны мәлім. 2021 жылы бастау алған жоба 2025 жылға дейін жүзеге асырылмақ. 4 басты бағытты қамтитын бағдарламада жоспар бойынша 11 міндет көзделіп отыр. Ауқымды жоба Біріккен Ұлттар ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен үндеседі. Мәселен, ұйым 17 орнықты даму мақсатын көздеген болса, аталмыш жоба соның ішіндегі 7 басымдықты негізге алады.
«Таза Қазақстан» атты алғашқы бағытта азаматтарды алаңдатып отырған өзекті проблемалар шешімін таппақ. Айталық, ластанған ауа сапасын тазарту, сондай-ақ зиянды қалдықтарды азайтып, басқаруға алу, сонымен қатр, су экожүйелерін сақтап қалу сияқты маңызды экологиялық түйткілдерді шешу күн тәртібінде тұр. Қазіргі экологиялық ахуал табиғаттың өзінен шығатын ресурстарды ғана тұрақты түрде пайдалану керектігін ұғындырып отыр. Аталған мәселе «Үнемді Қазақстан» бағытында айқындалған. Әуелі, бұл энергия және су ресурстарына қатысты. Сонымен бірге, ерекше қорғауға алынатын табиғи аумақтарды гүлдендіру, биоалуантүрлілікті сақтау ісі де ерекше назарға алынады. «Табиғат» бағытының мақсаты - осы. Қоршаған ортаға залалын тигізетін жағдайлар халықтың экологиялық мәдениетінің төмендігінен болып отырғаны аян. «Жасыл Қазақстан» жобасында экологиялық білімді арттыру үшін «Экология болашағы» бағыты қарастырылған.
Қазіргі күні елімізде ауасы тым ластанып кеткен он шаһар бар. «Жасыл Қазақстан» жобасы Астана, Алматы, Теміртау, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Жезқазған, Атырау, Шымкент және Балқаш қалаларының жағдайын оңалтуға тиіс.
Ауқымды жоба сапалы түрде іске асса 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар, табиғатты қорғау бағытындағы іс-шаралар көптеп өткізіледі.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Генпрокуратура отстранилась от проблем Малого Талдыколя
На днях Генеральная прокуратура выпустила сообщение о столичных озерах Малый Талдыколь. Как отметил исполняющий обязанности генпрокурора Тимур Ташимбаев, «обозначенная проблема находится на контроле комитета по управлению земельными ресурсами и после завершения судебных разбирательств будет рассмотрен вопрос реагирования на сложившуюся ситуацию». Член правления в Коалиция корпоративных юристов Aqiqat Шынгыс Темир, считает, что, выразив такую позицию, прокуратура просто решила остаться в стороне.
Омар и Ахметов охраняют тайну радиации в Усть-Каменогорске
Руководитель общественного объединения «Право и Справедливость», правозащитник Алексей Божков требует обнародовать информацию о радиационном загрязнении Усть-Каменогорска. Городские и областные власти Божкову отказывают. Не помогают даже суды.
Каспий итбалығының тағдыры: Балықшылар, мұнайшылар, емшілер және жүкті әйелдер
Каспий итбалығы – Қазақстанды мекен еткен теңіздегі жалғыз сүтқоректі жануар. Кезінде жануардың терісі мен майы бағалы болғандықтан, есепсіз қырылған. 2008 жылы жоғалып кетуі мүмкін жануар ретінде Халықаралық табиғатты қорғау ұйымының тізіміне енсе, 2020 жылдан бері Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Malim Media санаулы қалған Каспий итбалығының сақтау үшін Қазақстан билігі қандай шара қолданып жатқанын зерттеп көрді.