Жедел жәрдем: Мамин екі сөйлеп отыр ма?

Malim Админ

  • 19.05.2020

Қызылордада коронавирус жұқтырғандармен тікелей қарым-қатынаста болған жедел жәрдем қызметкерлеріне төленетін үстемақының өзгерісі төңірегінде дау туындады. Жедел жәрдемшілер президенттің өзі бекіткен үш айлық үстемақы тек наурызда ғана қомақты төленді, ал өткен айдан бастап өте мардымсыз көлемде берілетін болып қалды дейді.

Бүгін Қызылорда облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің елуге жуық жуық қызметкері жиналыстан назаланып шықты. Олар басшылары Алмат ҚҰРМАНҒАЛИДАН жайсыз жаңалық естіді. Жедел жәрдем қызметінің өкілдері сәуір айы үшін үкімет белгілеген үстемақыны алмайтын болыпты.

«Сәуір айынан бастап үстеме толық төленбейді. Бүгін бұйрық келіп жатыр. Біз соған наразымыз. Бүкіл халық жиналып отыр. Толық төленсін. 425 мың дәрігерлерге, 215 мың жүргізушілерге. Біз де тәукелге бел байлап науқас жандарды ары-бері тасимыз», - дейді жедел жәрдем қызметінің көлік жүргізушісі Базарбек БАРЛЫБАЕВ.

Қызылордалық дәрігерлер 30 наурыз күні мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген премьер-министр Асқар МАМИННІҢ сөздерін еске алады. Үкімет басшысы "қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы 10 ЖТМ (425 мың теңге) құрайды деген еді.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар аталмыш үстемақы наурыз айында дұрыс есептелегенін айтады. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған қызметкерлердің жұмысқа келген уақытына сәйкес толық үстемақы төлеген. Яғни жедел жәрдемде істейтін медбике, фельдшерлерге ең төменгі күнкөріс жалақысының 10 есесін, ал көлік жүргізушілерге 5 есе төлеген екен. Енді министрдің хатына сәйкес өткен айдан бастап үстемақы қызметкерлердің індет жұқтырған науқастарды тасымалдаған күніне ғана жазылады деп отыр.

«Біздің министрліктің бұйрығына орай үстемақыны наурызда 81 қызметкерге төлеу үшін 27 млн теңгедей жұмсалды. Осы айда біз үстемақыны қызметкерлердің жұмысқа шыққан күнімен есептедік. Бірақ наурыздағы төлеміміз дұрыс емес болды. Яғни артығымен төлегенбіз. Енді сәуірден бастап министрдің хатына сәйкес қызметкерлердің тек індет жұқтырғандармен байланыста болған күні ғана есептелетін болды», - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақыт ҚУАНЫШБАЙҚЫЗЫ.

Бұл да 42 500 теңге жәрдемақының кері қайтарыңдар дегендей әңгіме болмай ма? МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі бұл сұрақты басқарма басшылығына қойды. Бақыт Қуанышбайқызы сауалдың жауабы алдағы уақыттың еншісінде деп қысқа қайырды.

Ал қызылордалық жедел жәрдем қызметкерлері үстеме ақыға байланысты президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА шағым хат жолдамақшы.

Абай НҰРЖАНҰЛЫ
Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

Қазақстан цифрландыруға қанша миллиард жұмсады?

13.10.2021

Нәтижесіз сот, қираған үй, өтемақысыз халық

18.05.2021

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

02.04.2021

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды

31.03.2021
MalimBlocks
Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

Қазақстан цифрландыруға қанша миллиард жұмсады?

Ал «цифрландыруға бөлінген ақшаның тиімсіз жұмсалғаны үшін кім жауапты?» деген сұрақ елеусіз қалған сияқты.

Нәтижесіз сот, қираған үй, өтемақысыз халық

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды