Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сондерс: «Жоғал, сары ақымақ!»

Аналитика
Сондерс: «Жоғал, сары ақымақ!»

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) мексикалық Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегі үшін сынға алды. Бұл туралы Malim.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әлемдік спорт сарапшылары мен спорттық басылымдар Альварестің келесі қарсыласы кім болатынын күздің соңында-ақ бастап кеткен. Солардың ішіндегі ең негізгі ықтимал қарсылас жапон боксшысы Риота Мурата (16-2, 13 КО) аталған. Дегенмен, Жапонияда, 24 мамырда өтуге тиіс бұл жекпе-жек болмай қалатын сияқты. Өйткені, бұдан аз уақыт бұрын «Канело» командасы мұның қауесет екенін хабарлаған.

Альварестің ықтимал қарсыласының бірі ретінде аталған, кейіннен тізімнен түсіп қалған Сондерс мексикалықтың адресіне бұған дейін де сыни пікірлер айтқан. Оның пікірінше, Мурата "Канелоға" лайық қарсылас емес.

«DAZN оған: «Жоғал, сары ақымақ» дей салу керек. Белбеуіңді қоқыс жәшігіне таста», - деді Сондерс.

Альваресте қазір орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super), екінші орта салмақта WBA (Regular) белбеулері бар.

Фото: fightnews.info

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу