Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сотта марқұм Ғайыпбаев Шерзат пен өзін кім пышақтағанын айтқан видеосы көрсетілді

Қоғам
Сотта марқұм Ғайыпбаев Шерзат пен өзін кім пышақтағанын айтқан видеосы көрсетілді

Талдықорғанда өтіп жатқан сот процесінде марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың інісі мен өзіне пышақ салған адамды таныған видеосы ұсынылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеодаға зер салсақ, Ғайыпбаев ауруханада тергеушілердің сұрағына жауап беріп жатыр. Полицейлер інісі мен өзін пышақтаған адамды фотодан көрсетеді.

Түрін көрсем, айта аламын, - дейді марқұм Ғайыпбаев.

Тергеушілер одан «Пышақтаған Нұрқияс па?» деп сұрағанда, есінен танып жатқанын айтты.

Інімді пышақтап жатқанда, үстіне жатып алдым, – дейді марқұмның бауыры.

Тергеушілердің бірнеше сұрағына «Солар…» деп жауап береді.

Ғайыпбаев полицейлердің көрсеткен фотосына қарап, суреттегі адам інісін пышақтағанын растады. Ал екінші рет тағы бір фотоны көрсеткенде ол өзін пышақтағанын айтты.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу