Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шпиондар өріп жүр. Вена ресейлік тыңшылардың қорасына айналды

Әлем

IMAGE:  ©Delfi.lt (Marcia Bressanin | Shutterstock)


Бұл туралы Delfi.lt жазыпты.

Соңғы уақыттары Аустрия астанасы Вена – Ресейдің астыртын әрекеттер жүргізетін базаға айналды. Атап айтқанда, Ресей – адамның көзін жою, қаржы және логистикалық жұмыстарын осы мекеннен басқарады.

Соңғы 2 жылда Аустрия жерінде жұмыс істейтін ресейлік дипломаттардың саны тағы да 100-ден аса адамға көбейген. Сөйтіп, қазір ұзын саны 500-ден аса адамды құрап отыр.

Венаға, Еуропаның басқа елдерінде түрлі себеппен жабылып қалған Ресей консулдықтары тұрақтап жатыр. Олар Ресейдің тапсырмасын орындауға қажет ақшаны қолма қол жеткізуге қатысады. Еске сала кетсек, дипломат мәртебесі бар адамдар кедендерден тексерусіз өтеді. Осыларды басшылыққа алып, Аустрия депутаттары “Ресей шпиондарының қауіпті астыртын әрекеттерін тұқыртуға” шақырды.

Аустрияда халықаралық маңызды ұйымдардың штабтары бар. Әрі, Аустрия заңнамасында - ел аумағында өзінен басқа елдерге жасалған тыңшылық әрекеттер үшін қандай да жаза жоқ. Бұған қоса, Аустрия жерінде совет кезінен қалыптасқан тыңшылық инфрақұрылым бар. Осы жайттар Венаны ресейлік тыңшылардың әлдебір хабына айналдырып отырған сыңайлы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу