Бүгін, 28 шілдеде, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының екінші жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасы спорттың бірнеше түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгінгі жарыстарда дзюдо, қылышпен семсерлесу (ерлер) медальдары ойналады. Сондай-ақ, Қазақстаннан үш боксшы мен бадминтоннан Олимпиада ойындарына қатысатын алғашқы қазақстандық шығады.
Бадминтон, ерлер. Іріктеу
Дмитрий Панарин – Кент Нишимото Басталуы: 11.30.
Оқ ату (пневматикалық мылтық, 10 метр), әйелдер. Іріктеу.
Арина Алтухова, Александра Леонидовна. Басталуы: 12.15.
Академиялық есу, ерлер. Жұбаныш раунды.
Владислав Яковлев. Басталуы: 12.36.
Қылышпен семсерлесу, ерлер. Алдын ала раундтар, жартылай финалдар, соңғы жекпе-жектер
Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов. Басталуы: 13.00. (1/64 финал), 15.25 (1/32), 18.05 (1/8) (үшінші орын үшін), 19.25 (1/4), 23.00 (1/2), 00.20 (үшінші орын үшін), 01.15 (финал).
Дзюдо, 66 келіге дейін (ерлер). Алдын ала раундтар, соңғы блок.
Ғұсман Қырғызбаев. Басталуы: 13.00 (алдын ала раундтар, Қырғызбаевтың испан Дэвид Гарсия Торнеге қарсы алғашқы жекпе-жегі жетінші болады), 19.00 (финалдық блок).
Оқ ату (пневматикалық мылтық, 10 метр), ерлер. Іріктеу.
Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев Басталуы: 14.15
Бокс, 92 келіге дейін (ерлер). 1/8 финал.
Айбек Оралбай – Олетен Олаоре (Нигерия). Басталуы: 14.48.
Үлкен теннис, ерлер (сингл). Бірінші раунд.
Александр Шевченко. Басталуы: 18.00.
Бокс, 71 келіге дейін (ерлер). 1/16 финал.
Асланбек Шымбергенов – Зейяд Ишаиш (Иордания). Басталуы: 18.46.
Бокс, 50 келіге дейін (әйелдер). 1/16 финал.
Назым Қызайбай – Джордана Соррентино (Италия). Басталуы: 19.50.
Фото: ҰОК