Форсайт-зерттеу: жас қазақстандықтар 2035 жылға қарай «Цифрлық номадтарға» айналады

Айбек Ережеп

  • 01.07.2021

Қазақстандық «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты жүргізген форсайт-зерттеу барысында сессия қатысушылары 2035 жылы жас қазақстандықтың бейнесін қалыптастырды.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ҚР АҚДМ қолдауымен қатысушыларға Болашаққа қатысты болжам жасауға мүмкіндік беретін Rapid Foresight әдіснамасы негізінде форсайттық зерттеулер ұйымдастырды. Өткізілген форсайт-сессияларға ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, ҮЕҰ және т.б. өкілдері қатысты.

Сессияның бірі болашақ қазақстандықтың бейнесін қалыптастыруға арналды. Сессия қатысушыларының пікірінше, жас қазақстандықтың бейнесі «цифрлық номад» анықтамасында көрініс тапқан. Осылайша, цифрлық номад икемділік пен өзін өзгертуге дайындық, әлемге кірігу және өсудің жеке бағдарламасына ие болу, жаһандық ойлау, барлық салаларда «санды» пайдалану және денсаулыққа маңызды капитал ретінде қарау сынды бірқатар маңызды құзыреттерге ие.

«Жаһандану процестері кәсіби және жеке құзыреттерге жаңа сұраныстар жасайды. Қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру отбасы, білім және қоғам салаларында жүретініне күмән жоқ. 2035 жылға қарай олардың түбегейлі өзгеруі бек мүмкін», -делінген форсайт-сессиясының зерттеуінде.

Сессия нәтижелеріне сәйкес, отбасы мектеп және ЖОО жүйелері нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуіне байланысты тәрбие әдістері мен білім беру бағдарламаларын таңдау мәселесіне саналы түрде қарайтын болады. Көптеген отбасылар, мүмкін болса, үйде оқытуды жөн көреді.

Өз кезегінде, білім беру цифрға негізделетін болады.

«Мектеп жеке траекториялар мен оқу бағдарламаларын құра отырып, жеке тұлғаға бағдарланады. Жастар жоғары білімнің толық циклін емес, нақты құзыреттерді алуға бағытталған. Сертификаттау және қысқа мерзімді курстар бағдарламалары сұранысқа ие болады. Өмір бойы адам өз білімін жаңартуға немесе қайта оқуға мәжбүр болады», - делінген зерттеуде.

Форсайт-сессияға қатысушылардың пікірінше, жас қазақстандықтар сайлау және қоғамдық бақылау есебінен цифрлық үкімет арқылы саяси үдерістерге тартылады.

Сонымен қатар, орналасу енді өмірлік ресурстарға қол жеткізуге әсер етпейді.

Зерттеу еңбегінің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қазақ күресінен әлем чемпионаты Үндістанда өтпек

05.02.2025

Еуро-2026: Қазақстан футзалдан Данияны ойсырата жеңді

05.02.2025

Олимпиада жүлдегері Арман Шылманов жаңа қызметке тағайындалды

05.02.2025

Хоккейден Қазақстан құрамасы 12:0 есебімен жеңіске жетті

04.02.2025

Сметовті қапы қалдырды. «Жылдың үздік дзюдошысы» анықталды

04.02.2025

Қазақстанның үздік 10 боксшысы анықталды

02.02.2025
MalimBlocks
Қазақ күресінен әлем чемпионаты Үндістанда өтпек

Еуро-2026: Қазақстан футзалдан Данияны ойсырата жеңді

Олимпиада жүлдегері Арман Шылманов жаңа қызметке тағайындалды

Ол  4 ақпанда Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Олимпиада резервін дайындау орталығының» директоры болды.

Хоккейден Қазақстан құрамасы 12:0 есебімен жеңіске жетті

Сметовті қапы қалдырды. «Жылдың үздік дзюдошысы» анықталды

Барлық үміткер Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль иеленген

Қазақстанның үздік 10 боксшысы анықталды

BoxRec нұсқасы бойынша қаңтар айындағы Қазақстанның үздік 10 боксшысының көшін Жәнібек Әлімханұлы бастап тұр.