Лейтенант әскердің өліміне кінәсінің жоқтығын айтты

Malim Админ

  • 18.01.2025

Астана қаласындағы Мамандандырылған әскери сотта лейтенант Дамир Досовтан жауап алынды өтті. Ол мерзімді қызметтегі сарбаз Марат Барқұловты қасақана өлтірді деген айыппен сотта жауап беруде, деп хабарлайды lada.kz сайтына сүйеніп, www.malim.kz.

Айыпталушы тергеу кезінде өз кінәсін мойындамайтынын айтты. Оның айтуынша, Барқұловтың өлімі кездейсоқ болған, ал оны өлтіру мақсаты болмаған.

Менде Марат Барқұловты өлтіру ойы болған жоқ. Бұл жазатайым жағдайда болды. Мен пистолеттің оқталғанын білмедім – деді Досов, сондай-ақ, қаза болған сарбаз екеуінің қарым-қатынасы жақсы болғанын атап өтті.

Айыпталушы оқиға кезінде тек ату әрекетін көрсету үшін пистолет ұстағанын айтты. Оның сөзінше, пистолетті оған зенит бригадасы штабының бастығы Бағдат Майлиев берген, бірақ қарумен жұмыс істеу бойынша нұсқаулық берілмеген.

Сотта айыпталушы қаза болған сарбаздың туыстарына көңіл айтып, кешірім сұрады. Досов жауап бере отырып, көз жасына ерік беріп, Барқұловтың ата-анасынан кешірім сұрады, артынан тынышталып, сұрақтарға сабырмен жауап беруді жалғастырды.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Азамат Сағал тергеу аяқталып, сот қылмыстық істің материалдарын зерттеу фазасына өткенін хабарлады.

Еске сала кетейік, 14 қаңтарда 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловты өлімі туралы алғашқы сот отырысы өткен болатын.

Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы «Оймаша» әскери оқу полигонында болған еді. Сол кезде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз Барқұлов басына оқ тиіп, ауыр жарақат алған. Оның өлімінен бұрын отбасы мүшелерінен ақша сұрағаны белгілі болды.

Қаза болған сарбаздың әкесі ашық сот талқылауын талап етіп, ұлының кездейсоқ жайттен өлгеніне сенбейтінін айтты. Ол, сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің әрекеттерін де тексеруді сұраған болатын.

Зардап шегуші тараптың адвокаты қазір тергеу мен сот процесінің қатаң бақылауда екенін айтып, отбасының әділдікті іздеуін жалғастырып жатқанын атап өтті.

Фото архивтен алынған

Байланысты жаналықтар

Тоғыз жыл түрмеде отырған Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын пайдаланбады

03.04.2025

Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери жазаланды

25.02.2025

Алматыда жеделсатының жанында әйелді ұрған ер адамға үкім шықты

10.07.2024

Әлнұр Ілияшев: Түрмеге қамалсам, Тоқаевқа сөз келер еді

24.06.2020

Вице-адмирал алты жылға сотталды

21.05.2020
MalimBlocks
Тоғыз жыл түрмеде отырған Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын пайдаланбады

Ол 2016 жылы сотталды.

Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери жазаланды

Сот 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті

Алматыда жеделсатының жанында әйелді ұрған ер адамға үкім шықты

Ер адам кінәсін толық мойындаған.

Әлнұр Ілияшев: Түрмеге қамалсам, Тоқаевқа сөз келер еді

Вице-адмирал алты жылға сотталды