«Мақпалды қорғап қалу керек болды»

Берік Жанатханұлы

  • 31.05.2021

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ «New Alash» ютуб каналына сұхбат берді, деп хабарлайды Мalim.kz сайты.

Композитор оппозицияшыл саясаткер Заманбек НҰРҚАДІЛОВТЫҢ өлімінен кейін өзінің қуғын-сүргінге түскенін айтты. Тіпті өміріме қауіп төнді дейді.

«Заманбек Нұрқаділовтің өлімінен кейін Мақпалға шабуыл басталды. Ең бірінші Мақпалды, сосын Заманбекті қорғап қалу керек болды. Зәкеңнің қолынан талай шарапат көрген адамдарды баспасөз мәслихатына шақырдық. Ешқайсысы келмеді. Зәкең бір танымал адамға екі қабатты үй салып берген. Сол кісі «мен Заманбекпен жақын араласпадым» деді ғой. Жазушы Ғаббас Қабышұлы азаматтық танытты. Ол кісі қонақ боп келіп сөйлеуі тиіс еді. Мен ол кісінің аты-жөнін жазғызып төрге спикерлер орнына қойып қойдым. Ғаббас аға: Қалдыбек, біз былай келіспеген едік қой деді. Аға, сіздің фамиляңыз керек боп тұр дедім. Аға келісті», - деді композитор.

Естеріңізге сала кетейік, композитор айтып отырған баспасөз мәслихаты Алматы қаласында 2005 жылдың желтоқсан айында өткен. Сондай-ақ, оған композитор Владимир ПИТЕРЦЕВ және Мақпал ЖҮНІСОВАНЫҢ продюсері Закира МОЛДАБАЕВА қатысқан.

«Осы баспасөз мәслихатынан кейін қысымдар басталды. Туған ағамды өзіме қарсы қойды. Тіпті туған ағам «Менің Қалдыбек Құрманаливпен туысқандық қатысым жоқ» деп жазып беріпті. Өлсем өзім өлейін деп отбасымды ауылға жіберуге мәжбүр болдым. Шопырымның тамағына бір нәрсе салып жіберсе керек үйге іздеп келіп, маған пышақ сілтеді. Суық қару қолыма кіріп кетті. Біреудің қолынан өлгенше біреуді ұрып өлтірейін деп тепкілеп тастадым. Ақыры жоғарыда өнерімді бағалайтын адамдар араша түсіп, бәрі бір сәтте тоқтады», - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Сондай-ақ, сұхбатта композитор мемлекеттік қызметтен неге кеткенін және елдегі саяси-әлеуметтік ахуалға байланысты ойларын ортаға салды. «Nur Otan» партиясының қатарына не үшін өткенін де айтты. Сұхбаттың толық нұсқасы видеода.

https://www.youtube.com/watch?v=FQ81bgCGXlE&t=71s

Фото авторы Мұратбек КӘДІРЖАН

Байланысты жаналықтар

Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

31.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Қыдырәлі Болманов марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын еске алды

06.03.2025

Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады

03.03.2025

Мақпал Жүнісованың қызы орысша сөйлеймін деп сынға ұшырады

17.02.2025

«Сіздер үшін ұялып тұрмын». Мақпал Жүнісова «МузАРТ» тобының әншілерін сынады

23.01.2025
MalimBlocks
Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

Әнші әріптестерінің үйіне қонаққа барған.

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Қыдырәлі Болманов марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын еске алды

Өнер иесі: Әппақ ниетін ешқашан ұмытпаймын

Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады

Өнер иесі көпшілікпен қуанышын бөлісті

Мақпал Жүнісованың қызы орысша сөйлеймін деп сынға ұшырады

Өнер иесінің қызы көбіне орысша сөйлейді екен.

«Сіздер үшін ұялып тұрмын». Мақпал Жүнісова «МузАРТ» тобының әншілерін сынады

Өнер иесі ән жазатын студияның тозып кеткенін айтқан.