Назарбаевты сомдаған актер лауазымды қызметке тағайындалды

Malim Админ

  • 19.03.2021

Актер Нұрлан Әлімжанов лауазымды қызметке тағайындалды.

Қазақстанның тұңғыш президенті туралы фильмдерде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы мәдинет басқармасының басшысы болып тағайындалды. Оның бұл қызметке тағайындалғанын қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады.

Нұрлан Әлімжанов экс-президент туралы «Балалық шағымның аспаны» (2011 ж), «Теміртау», «Көшбасшы жол» (2013 ж), «Тығырықтан жол тапқан» (2014 ж) фильмдерінде Назарбаевтың рөлін сомдаған. 2013 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы мен «Жас Тұлпа», «Серпер» сыйлықтарын алды.

Актер 2019 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың қаңтары арасында парламент мәжілісінің депутаты болды.

Айта кететін бір жайт, әлеуметтік желі мен БАҚ-та бірнеше күннен бері Семей қаласындағы "Абай Арена" спорт кешені мен бір көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру бастамасы қызу талқыланып, ғаламтор қолданушыларының басым көпшілігі наразы болған. Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай экс-президенттің "бұндай құрмет-қошеметке қарсы екенін" айтты.

«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай-Арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсыныстары талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Н. Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуы тиіс», – деді Айдос Үкібай.

Байланысты жаналықтар

«Қазақты құрту»: Мұхтар Мағауин соңғы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айтты

03.02.2025

Назарбаевтың денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады

12.12.2024

«Жалғыздығын сездім». Тамара Асар Назарбаевпен кездескенде неге жылағанын айтты

02.12.2024

Өзімнен 7 жас үлкен, баласы бар әйелге ғашық болдым – Нұрлан Әлімжанов

12.11.2024

Назарбаев Бұхарада Өзбекстан президенті Мирзиеевпен кездесті

07.09.2024

Назарбаев тағы бір атағынан айырылды

24.07.2024
MalimBlocks
«Қазақты құрту»: Мұхтар Мағауин соңғы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айтты

Мұхтар Мағауин тұңғыш президент жүргізген саясатты сынаған.

Назарбаевтың денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады

«Жалғыздығын сездім». Тамара Асар Назарбаевпен кездескенде неге жылағанын айтты

Әнші тұңғыш президентпен өткен кездесуді еске алды.

Өзімнен 7 жас үлкен, баласы бар әйелге ғашық болдым – Нұрлан Әлімжанов

19 жастағы бала кезіндегі махаббат оқиғасын айтып берді

Назарбаев Бұхарада Өзбекстан президенті Мирзиеевпен кездесті

Назарбаев тағы бір атағынан айырылды