Пеле: Килиан, басыңды көтер!

Абай Нұржанұлы

  • 29.06.2021

Еуропа чемпионатының 1/8 финалында пенальти соға алмай қалған Килиан МБАППЕ Францияда сынның астында қалды. «ПСЖ»-ның шабуылшысын «жұлдыз» ауруына шалдықты десе, ардагер футболшылар бапкер Дидье ДЕШАМДЫ сынады.

Футбол королі ПЕЛЕ болса франциялық жас шабуылшыны қолдады.

«Мына ойынды көріп көңілім бұзылды. Бұл нашар Франция құрамасы болды. Бірлік пен жігерлі рух болған жоқ. Біз тұтастығы мығым команда болғанымыз жоқ. Сондықтан да келесі кезеңге шыға алмадық», - деп ойын білдірді әлем және еуропа чемпионы ардагер франциялық футболшы Патрик ВИЙЕРА.  

Бапкерлер мен футболшылар Мбаппені қолдаған екен.

«Мбаппен гол соқпағанына қатты қапалы. Басқа футболистер сықылды уайымдап жүр. Ол өзін жазықты сезінеді. Бірақ олай емес», - деді бапкер Дешам.

Швецария мен Франция ойынында бірші аутсайдер саналған команда есепті ашты. Бірінші таймда Сеферович гол соқты. Қызық екінші таймда басталды. Бес минут ішінде француздардың қақпашысы Льорис пенальтиді қайтарды. Реалдың шабуылшысы Карим БЕНЗЕМА екі гол соғып командасын алға шығарып тастады. Ал 75 минутта Поль ПОГБА алыстан әдемі гол соғып матч тағдырын шешкендей еді. Бірақ 10 минуттың ішінде Сеферович пен Гавранович есептің теңестірді. Қос команда қосымша қос таймда тең ойнады. Пенальти сериясында әлем чемпиондарын жеңілді. Месси мен Роналдудың орнын басады деген Мбаппе 11 метрден соға алмады. Швецария ¼ финалда Испанияға қарсы ойнайды.

«Килиан, басыңды көтер! Ертең – жаңа хикаялардың алғашқы күні», - деп жазды футбол королі Пеле жас футболшының қолдап әлеуметтік желіде.

Еуропа чемпионатында сенсация жасаған Швецария Испанияға қарсы 2 шілде күні Санкт-Петербург қаласында ойнайды.

Фото: twitter.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

14.05.2023

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

10.05.2023

Дохадағы әлем чемпионаты: Ұлттық құрама үшін әзірге нәтиже жоқ

10.05.2023

Әлем чемпионатында қазақ дзюдошылары жерге қарап тұр  

10.05.2023

Олимпиада жүлдегері Жамбыл облысының әкімінің үстінен Тоқаевқа шағым түсірді 

28.04.2023

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді

28.04.2023
MalimBlocks
Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте Өзбекстаннан кейін  екінші орынға тұрақтады

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

Ширек финалдық сында бапкерлер сенімін толық ақтады

Дохадағы әлем чемпионаты: Ұлттық құрама үшін әзірге нәтиже жоқ

Бұған дейінгі үш күнде күрескен балуандардың нәтижесі аса мәз емес

Әлем чемпионатында қазақ дзюдошылары жерге қарап тұр  

Дохада дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстан Ұлттық командасы толық құрамда барған болатын. Алайда әлем біріншілігі ортасына таяғанына қарамастан үкілеп аттандырған татами шеберлері әлі жүлдеге қол жеткізген жоқ

Олимпиада жүлдегері Жамбыл облысының әкімінің үстінен Тоқаевқа шағым түсірді 

Ақжүрек Таңатаров Тоқаевқа өңірдегі спорт саласындағы жемқорлық туралы айтты

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді