Қарсылас - азулы Аргентина. Қазақ футзалшылары Мессидің жерлестерін жеңе ала ма?

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесті.

Malim Админ

  • 30.09.2024

Бүгін, 30 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалында азулы Аргентинамен кездеседі.

Бүгінгі ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесті. Алғаш рет 2016 жылы әлем чемпионатында ел құрамасы оларға 0:1 есебімен есе жіберген. Биыл қыркүйек айында жолдастық кездесуде 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Бұл жұпта жеңген команда Франция мен Парагвай жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен ойсырата жеңді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.

Одан кейін 1/8 финалда Португалияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Қазақстан құрамасы қазірге дейін әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4 орынға табан тіреді.

Аргентина құрамасы әлем чемпионатына тоғыз мәрте қатысты. 2016 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы күміс жүлдегер болды.

Биыл әлем чемпионатында ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды спортшылар қорғап жатыр.

Еске сала кетейік, жартылай финалға Бразилия мен Украина құрамалары жолдама алды.

Фото: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды